Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қалай

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуПлотина
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
Жазылу
Жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берді.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 91%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 97,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 99,6%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,5%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 92,6%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 91%-ға толы.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 88,6%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істеп жатыр.
Су қоймаларына жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.
Жаңалықтар
0