Астанада көлік көп жүретін көше қиылысы ішінара жабылады

© Sputnik/Ертай СарбасовНа претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астанада Бөгенбай батыр даңғылының бойымен көліктер жиі жүретін қиылысты ішінара жөндеуге жауып тастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқа мәліметке сәйкес, Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылының қиылысында жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады. Бірақ жолдың бір жағымен көлік козғалысы ашық болады", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Айта кетері, бұған дейін Астанада бір жолды жапққаннан кейін үлкен кептелістер басталды. Қала тұрғындары жұмысқа жете алмай, жарты сағатқа, тіпті бір сағатқа кешікті.
Жаңалықтар
0