https://sputnik.kz/20240618/songy-bes-ayda-baylanys-sapasyna-qatysty-11-myn-shagym-kelip-tusken-45029968.html
Соңғы бес айда байланыс сапасына қатысты 11 мың шағым келіп түскен
Соңғы бес айда байланыс сапасына қатысты 11 мың шағым келіп түскен
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі үкімет алдына қойылған стратегиялық маңызы бар... 18.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-18T13:41+0500
2024-06-18T13:41+0500
2024-06-18T13:41+0500
интернет
ұялы байланыс
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1c885410e02748550176a284578e2b51.jpg.webp
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі үкімет алдына қойылған стратегиялық маңызы бар міндет екенін атап өтті. Оны шешу үшін өткен жылы "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы қабылданды. Барлық іс-шараларды орындау нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды байланыс желілерімен қамту 100%-ға жетеді.Бұл ретте премьер-министр халықтың интернет пен ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдарына назар аударды. Тек өткен жылдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсіп, соңғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған. Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес. Қалаларда да мобильді байланыс пен интернет сигналының көңілден шықпауы байқалады. Премьер-министр бұл мәселені жедел шешуді және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды.
https://sputnik.kz/20240618/qazaqstanda-5g-uyaly-baylanysyn-engizu-2025-zhyldyn-sonyna-deyin-ayaqtaluy-tiis-45020928.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_36624a54f0de8e409841649c7c11c051.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, ұялы байланыс
Соңғы бес айда байланыс сапасына қатысты 11 мың шағым келіп түскен
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов халықты сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі үкімет алдына қойылған стратегиялық маңызы бар міндет екенін атап өтті.
Оны шешу үшін өткен жылы "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы қабылданды.
Барлық іс-шараларды орындау нәтижесінде 2027 жылға қарай елді мекендер мен жолдарды байланыс желілерімен қамту 100%-ға жетеді.
"Тұрғындар жылдамдығы 100 Мбит/секундтан кем болмайтын интернетпен қамтамасыз етілуі керек. Байланыстың бұл түрі адамдардың сөйлесу немесе ақпарат алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл сондай-ақ жаңа сервистер, мемлекеттік және қаржылық қызметтер ұсыну, жаңа бизнес түрлерінің қалыптасуы болып саналады. Сондықтан байланыс қызметтерінің көлемін арттыру экономикалық өсудің маңызды аспектілерінің бірі екені белгілі. Егер көрсетілетін қызметтер мен сервистерге онлайн әрі жылдам қол жеткізу болмаса, технологиялық жағынан ең озық жобалардың өзінен мемлекет қажетті әсер ала алмайды", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл ретте премьер-министр халықтың интернет пен ұялы байланыс сапасына қатысты шағымдарына назар аударды. Тек өткен жылдың өзінде байланыс сапасына шамамен 21 мың шағым келіп түсіп, соңғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жуықтаған.
Мәселе тек шалғай елді мекендерде интернеттің нашар болуында ғана емес. Қалаларда да мобильді байланыс пен интернет сигналының көңілден шықпауы байқалады. Премьер-министр бұл мәселені жедел шешуді және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартуды тапсырды.