Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды

© Sputnik / Санат ИмангалиевДепутаты мажилиса парламента Казахстана
Депутаты мажилиса парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні болып белгіленді.
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.
"Жоғары білім саласы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш. Бұл ретте оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім беру ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, жоғары білім беру саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді", - делінген жоғары білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
Бұл кәсіби мереке сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.
Жаңалықтар
0