https://sputnik.kz/20240618/memleket-sauda-sektoryndagy-kasipkerlerge-qoldau-korsetedi-45022221.html
Мемлекет сауда секторындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
Мемлекет сауда секторындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
Sputnik Қазақстан
Осы жылдан бастап сауданы дамыту үшін сауда саласында мемлекеттік қолдау құралы қолданылмақ. Бизнестің жол картасы шеңберінде 8 маусымда салалық ережелерге... 18.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-18T12:40+0500
2024-06-18T12:40+0500
2024-06-18T12:40+0500
кәсіпкер
сауда
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ba7452922bf37864c040f1d464c2b092.jpg
Осы жылдан бастап сауданы дамыту үшін сауда саласында мемлекеттік қолдау құралы қолданылмақ. Бизнестің жол картасы шеңберінде 8 маусымда салалық ережелерге тиісті өзгерістер енгізіліп, бірлескен бұйрық қабылданды, бұл жайлы сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында хабарлады.Құжатта сауда объектілерін салу, реконструкциялау және айналым қаражатын толықтыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделген. Бұл ретте отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сауда сөрелеріне кіруі бойынша қарсы міндеттемелер белгіленеді. Сондай-ақ ведомство сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.Жалпы, жол картасында 75 базарды жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сауда нарықтары қала құрылысы, санитарлық, өрт стандарттарына сәйкес келмейді. Сондықтан ведомство мамандары өңірлерге барып, базарларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, жаңғыртуды қажет ететін объектілерді анықтап жатыр. Нәтижесінде жаңғыртылуға тиіс 64 базар анықталып, соған сәйкес Жол картасына өзгерістер енгізіледі.
https://sputnik.kz/20231006/tauarly-sut-fermalaryn-salatyn-kasipkerlerge-zhenildetilgen-nesie-berile-bastady-39124756.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44471655_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4cb0386efbd1f59202c1047f2fd54792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, сауда
Мемлекет сауда секторындағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді
Осы жылдан бастап сауданы дамыту үшін сауда саласында мемлекеттік қолдау құралы қолданылмақ. Бизнестің жол картасы шеңберінде 8 маусымда салалық ережелерге тиісті өзгерістер енгізіліп, бірлескен бұйрық қабылданды, бұл жайлы сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында хабарлады.
Құжатта сауда объектілерін салу, реконструкциялау және айналым қаражатын толықтыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделген. Бұл ретте отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сауда сөрелеріне кіруі бойынша қарсы міндеттемелер белгіленеді.
Сондай-ақ ведомство сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.
"Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі 33%-ға дейін жетті, оның ішінде 19 базарды жаңғырту, сауда орталықтарын және сақтау инфрақұрылымын салу есебінен ұлғайтылды. Мұнда базарларды жаңғырту бойынша жұмыс ерекше бақылауға алынғанын атап өткім келеді. Сауда базарларын жаңғырту бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру нарықтарды жаңғыртуды жүргізудің тұрақты мониторингін және аяқталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді спикер.
Жалпы, жол картасында 75 базарды жаңғырту көзделген. Бүгінгі таңда сауда нарықтары қала құрылысы, санитарлық, өрт стандарттарына сәйкес келмейді. Сондықтан ведомство мамандары өңірлерге барып, базарларды жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізіп, жаңғыртуды қажет ететін объектілерді анықтап жатыр. Нәтижесінде жаңғыртылуға тиіс 64 базар анықталып, соған сәйкес Жол картасына өзгерістер енгізіледі.