Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Индонезия Украинаға қатысты коммюникеге неге қол қоймағанын түсіндірді

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2024
Жазылу
Индонезия бірлескен коммюнике жан-жақты және теңдестірілген түрде дайындалған жағдайда тиімдірек болады деп санайды
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Жақында Швейцарияда өткен Украина конференциясында Ресейдің бұл шараға қатыспауына байланысты Индонезия бірлескен коммюникеге қол қоймады, деп хабарлады Индонезия сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Роллиансья Соэмират.

"Индонезия Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты осы қақтығысқа қатысушы барлық тараптың қатысуымен жүргізілетін келіссөздер арқылы шешу керек деп санайды", - деп хабарлады Соэмират Индонезияның Украина бойынша жақында өткен конференцияда бірлескен коммюникеге қол қоймау туралы шешіміне түсініктеме беріп.

Дипломаттың сөздері ANTARA агенттігі келтірді, деп хабарлады РИА Новости.
Ресми өкіл Индонезия сыртқы істер министрлігі елдің Швейцариядағы елшісі Нгура Сваджаяны шараға елдің өкілі етіп тағайындағанын мәлімдеді.
"Индонезия бірлескен коммюнике жан-жақты және теңдестірілген түрде дайындалған жағдайда тиімдірек болады деп санайды", - деді дипломат.
Соэмират сондай-ақ конференция барысында Индонезияның Украинада ғана емес, Газа секторында да халықаралық құқықты сақтаудың маңыздылығын айтқанын мәлімдеді.
Швейцария 15-16 маусымда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өткізді. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.
Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқындарды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тараптар арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады.
Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды. Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.
Жаңалықтар
0