Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Атырауда азаматтық некеде тұрғын бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласынан ұсталды.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің Ақтау қаласына барғаны анықталған.
"Полиция қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінде 1991 жылғы әйелді өлтіруге оқталған күдікті Ақтау қаласына кетіп қалғаны анықталды. Күдікті ұсталды. Оның жасы – 29-да", - делінген хабарламада.
Қазір оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Жаңалықтар
0