https://sputnik.kz/20240617/zheke-kualik-zhana-ulgide-berile-bastady--45013395.html
Жеке куәлік жаңа үлгіде беріле бастады
Жеке куәлік жаңа үлгіде беріле бастады
Sputnik Қазақстан
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі 17.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-17T21:33+0500
2024-06-17T21:33+0500
2024-06-17T21:33+0500
жеке куәлік
https://sputnik.kz/img/135/29/1352969_0:0:6016:3385_1920x0_80_0_0_778182ae7c5c2208f4b5cb6080c05aa0.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik.15 маусымнан бастап Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, деп хабарлады Polisia.kz.Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек қазіргісінің мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстырылмайды.
https://sputnik.kz/20240101/qazaqstandyqtar-zheke-kualik-zhasatqanda-sausaq-izin-tapsyruga-mindetti-me-40919930.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/29/1352969_661:0:6016:4016_1920x0_80_0_0_bfb67a1f31e27f97d6cf9c686c0d5e23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеке куәлік
Жеке куәлік жаңа үлгіде беріле бастады
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik.15 маусымнан бастап Қазақстан азаматының жаңа үлгідегі жеке куәлігі қолданысқа енгізілді, деп хабарлады
Polisia.kz. Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болған.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейді (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері 738,4 теңгені құрайды).
Жарамдылық мерзімі аяқталмаған жеке куәліктер бұдан әрі де жарамды болады.
Қазақстандықтар жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек қазіргісінің мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыру кезінде ала алады. Яғни, бір мезгілде жаппай құжат ауыстырылмайды.