https://sputnik.kz/20240617/ukraina-boyynsha-konferentsiya-natizhe-bermedi---germaniya-deputaty-44997815.html
Украина бойынша конференция нәтиже бермеді - Германия депутаты
Украина бойынша конференция нәтиже бермеді - Германия депутаты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Ресей қатыспағандықтан, Швейцариядағы Украина бойынша конференция еш нәтиже бере алмады, деп хабарлады РИА Новостиге "Германия... 17.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-17T10:14+0500
2024-06-17T10:14+0500
2024-06-17T10:14+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/old/37/69/376964_0:109:501:390_1920x0_80_0_0_82a314a326914c456527a60872281218.jpg
АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Ресей қатыспағандықтан, Швейцариядағы Украина бойынша конференция еш нәтиже бере алмады, деп хабарлады РИА Новостиге "Германия үшін балама" (AfD) партиясының Германия парламентіндегі депутаты Штеффен Котре."Конференция ешқандай нәтиже бере алмады, өйткені оған Ресей қатыспады.АҚШ пен оның одақтастары Украинаны қолдайтынына және оны қару-жарақпен қамтамасыз ететініне қайта-қайта сендірді. Сондықтан Владимир Зеленский Ресейді жеңуге болатынын қайта-қайта мәлімдеді. Бұл жай қиял және ол шындықтан алыс. Үш аптадан кейін бұл конференция ешкімнің есінде болмайды", - деді Котре.Депутат Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерді Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бітімгершілік процесінің оң үлгісі ретінде атады.Швейцария 15-16 маусымда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өткізді. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқындарды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тараптар арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады. Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды. Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/37/69/376964_0:62:501:437_1920x0_80_0_0_7494a1b838e24dedcc64fb841cc63527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Ресей қатыспағандықтан, Швейцариядағы Украина бойынша конференция еш нәтиже бере алмады, деп хабарлады РИА Новостиге "Германия үшін балама" (AfD) партиясының Германия парламентіндегі депутаты Штеффен Котре.
"Конференция ешқандай нәтиже бере алмады, өйткені оған Ресей қатыспады.
АҚШ пен оның одақтастары Украинаны қолдайтынына және оны қару-жарақпен қамтамасыз ететініне қайта-қайта сендірді. Сондықтан Владимир Зеленский Ресейді жеңуге болатынын қайта-қайта мәлімдеді. Бұл жай қиял және ол шындықтан алыс. Үш аптадан кейін бұл конференция ешкімнің есінде болмайды", - деді Котре.
Депутат Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздерді Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бітімгершілік процесінің оң үлгісі ретінде атады.
"Бейбітшілік жеткізетін жолда бір ғана алғашқы қадам болуы мүмкін: атысты түбегейлі тоқтату. Сонда азшылықтардың құқықтарын сақтау керек. Мексика Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше бола алмайтыны сияқты, Ресейдің қауіпсіздік мүдделері ескерілсе, Украина да НАТО-ға мүше бола алмайды. Аймақтық дау қақтығысып жатқан мемлекеттер арасында шешілуі керек. Қазіргі уақытта Армения мен Әзербайжанның әрекеті осындай", - деді Котре.
Швейцария 15-16 маусымда Люцерн қаласының маңындағы Бюргеншток курортында Украинаға арналған конференция өткізді. 90-нан астам ел, сондай-ақ ЕО, Еуропа Кеңесі және БҰҰ сияқты сегіз ұйым конференцияға қатысатынын растады. Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва келмеді. Швейцария Ресей Федерациясына Украинаға қатысты саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығыстағы жағдайды Ресейдің қатысуынсыз шешудің жолын іздеу қисынсыз деп мәлімдеді.
Конференция қорытындысы бойынша бірлескен коммюникеде Запорожье атом электр станциясына бақылауды Киевке қайтару, сонымен қатар Қара және Азов теңіздерінде еркін жүріп-тұруға, барлық әскери тұтқындарды айырбастауға және босатуға шақырулар бар. Сондай-ақ құжатта қақтығысты тоқтату үшін барлық тараптар арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы айтылады. Конференцияғс қатысушылардың 91-інің 77-сі ғана коммюникені қолдады.
Алғашында құжатқа Бразилия, Үндістан, Оңтүстік Африка, БАӘ және Сауд Арабиясы, сондай-ақ Армения, Бахрейн, Индонезия, Ливия, Мексика және Таиланд қол қоймағаны анықталды. Кейін Ватиканның баспасөз қызметі РИА Новости агенттігіне Ватиканның Украина бойынша саммит декларациясына қол қоймағанын хабарлады. Тіпті кейінірек Ирак пен Иорданияның Украина бойынша конференциядан кейін бірлескен коммюникеге қол қойған елдер тізімінен шығарылғаны белгілі болды.