Шымкент пен Павлодардағы вокзалдар жаңартылды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Железнодорожный вокзал
Железнодорожный вокзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
Теміржол вокзалдарына соңғы рет жөндеу жұмыстары ондаған жыл бұрын жасалған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Шымкент пен Павлодардағы теміржол вокзалдарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
"Шымкент теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бекет өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған. Стратегиялық нысанға 20 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жүргізілмеген", - деді ведомство.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Железнодорожный вокзал
Железнодорожный вокзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Железнодорожный вокзал
Көлік министрлігінің мәліметінше, вокзал күн сайын бірнеше мың жолаушыны қабылдайды. Жаңғыртудан кейін ғимарат келбеті жаңарып, тартымды болды. Вокзалдың жалпы ауданы 2 249,33 шаршы метрге дейін ұлғайып, енді күніне 6 мың адамға дейін қабылдауға қабілетті. Бұл ретте күту залдарының ауданы 1982,3 шаршы метрге дейін ұлғайды.
Жаңартылған вокзалда енді қаладан қосымша кіреберіс пен перронға тағы бір шығатын есік бар, кассалар саны алтыдан сегізге дейін өсті.
© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Теміржол вокзал
Железнодорожный вокзал - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Теміржол вокзал
Биыл Павлодар вокзалы да толық жөндеуден өтті.
"Вокзал ғимараты осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Алдыңғы күрделі жөндеу 2004-2005 жылдары жүргізілген", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Нысанда жарықтандыру, желдету, сумен жабдықтау және жылу жүйелері ауыстырылды.
"Бірыңғай күту алаңы жабдықталды, екінші қойма мен дәріхана да ашылд. Билет кассалары мен ескі витраждар да заманауи келбетке ие болды", - делінген хабарламада.
Ана мен балаға арналған бөлек бөлме және ойын алаңы пайда болды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жабдықтар орнатылған.
Жаңалықтар
0