Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швейцария Украинаға қатысты форумнан кейін Ресей елшілігімен хабарласпаған

Швейцария
Швейцария - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Швейцария билігі Украинаға қатысты конференциядан кейін Ресейдің Берндегі елшілігімен әлі хабарласпаған. Бұл туралы Ресейдің Швейцариядағы елшілігінің баспасөз хатшысы Владимир Хохлов мәлімдеді.
Бір күн бұрын Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Швейцарияның Бюргеншток курортындағы Украинаға қатысты конференциядан кейін Ресеймен байланысын жалғастыратынын айтқан.
"Әзірге Швейцария билігі Ресейдің Берндегі елшілігіне бұл мәселе бойынша хабарласқан жоқ", - деді Хохлов.
Айта кетері, өткен демалыс күндері Швейцарияда Украина бойынша арнайы конференция ұйымдастырылды. Оған 160-тан астам елдің басшылары шақырылды. Бірақ 92 мемлекет келді. Ал бірлескен декларацияға 80 елдің өкілі қол қойды.
Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатыспады.
Швейцария Ресейге Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығысты жағдайдан шығу жолдарын Ресейдің қатысуынсыз іздеу мүлдем қисынсыз және пайдасыз деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0