"Астана-Зеленстрой" компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
Бұрынғы басшының парамен ұсталған видеосы да жарияланды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. "Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыблайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның бұрынғы басшысы қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін айыпталып отыр. Осылайша, алаяқтық жасауға тырысқан. Бұрынғы басшының парамен ұсталған видеосы да жарияланды.
"Бұдан бөлек, көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілінді. Ол ағаштарға Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары тапсырыс берген", - делінген ресми хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Айта кетері, Айбар Наурызәлі 2022 жылы "Астана-Зеленстрой" компаниясының басшысы болып тұрғанда парамен ұсталған. Былтыр соттың шешімімен ол 9 млн теңге алғаны үшін 185 млн теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді.
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2024
Жемқорлық туралы хабар берген маңғыстаулықтарға 700 мың теңге сыйақы берілді
Жаңалықтар
0