Андрей Стенин атындағы байқау 2024 жылғы лауреаттардың алдын ала тізімін жариялады

© AP Photo / Lukas BarthФотографы на саммите G7 в Баварии
Фотографы на саммите G7 в Баварии - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың қыркүйегінде белгілі болады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенинді еске алуға арналған жас фототілшілердің X халықаралық байқауының алдына ала тізіміне енген 2024 жылғы лауреаттар анықталды.
Олардың толық тізімін, сондай-ақ қысқа тізімдегі суреттер таңдауын байқау сайтының орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларында көруге болады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша байқаудың халықаралық қазылар алқасы анықтаған алдын ала тізім (шорт-лист) жүлделі орындарды көрсетпейді: жеңімпаздар қыркүйек айында бас жүлде иегерімен бірге жарияланады.
© Пресс-служба конкурса имени Андрея СтенинаРичард Назаретян / Ресей "Урал". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Ричард Назаретян / Россия
Урал - Фото из шорт-листа 2024 конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Ричард Назаретян / Ресей "Урал". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Мерейтойлық байқауда алғаш рет халықаралық қазылар алқасы тек фототілшілерден, байқаудың әр жылдардағы Гран-при иегерлерінен құралған.
Жыл сайын Стенин байқауына іріктеуден өткен қатысушылардың географиясы кеңейіп келеді. 2024 жылы байқаудың алдын ала тізіміне алғаш рет Сирия, Оңтүстік Африка Республикасы және Мьянма елдері фототілшілерінің жұмыстары кірді. Ол тізімге барлығы 10 елдің жас фоторепортері түсірген жеке суреттер мен топтамалар енді.
Байқаудың халықаралық қазылар алқасы бағалаған жұмыстардың жалпы саны 2024 жылы Ресей, Үндістан, Иран, Қытай, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Польша, Франция, Эквадор, Сирия, Мексика және тағы басқа 36 елден келген 557 қатысушының екі мыңға жуығын құрады.
© Пресс-служба конкурса имени Андрея СтенинаДжакомо д'Орландо / Италия "Симбиоз". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Джакомо д'Орландо / Италия Симбиоз. Фото из шорт-листа 2024 конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Джакомо д'Орландо / Италия "Симбиоз". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Андрей Стенин атындағы байқаудың кураторы Оксана Олейник алдын ала тізімнің жариялануына қатысты пікір білдірді:
© Пресс-служба конкурса имени Андрея СтенинаЛюк Дрей / Ұлыбритания " Оңтүстік Суданның шынайы климаты". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Люк Дрей / Великобритания Реальный климат Южного Судана. Фото из шорт-листа 2024 конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Люк Дрей / Ұлыбритания " Оңтүстік Суданның шынайы климаты". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
"Байқауымыздың ең маңызды кезеңдерінің бірін қазылар алқасының жұмысы құрайды. Андрей Стенин атындағы байқаудың мерейтойлық жылында біз қазылық ету үшін байқауымыздың алдыңғы жылдардағы Гран-при иегерлерін шақырдық. Олар бүгінде сарапшылық пікірі бар өз істерінің шебері атанған әлем елдерінің фотографтары. Олар қысқа тізімге конкурсқа ұсынылған ауқымды және өте алуан түрлі суреттер арасынан нағыз дарынды жұмыстарды таңдау арқылы өздерінің жоғары кәсіби деңгейін растады. Баршаңызды байқаудың сайтына кіріп, осы жұмыстармен танысуға шақырамын".
© Пресс-служба конкурса имени Андрея СтенинаМохаммед Суман / Бангладеш "Егіс алқабындағы намаз". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Мохаммед Суман / Бангладеш Молитва в поле. Фото из шорт-листа 2024 конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Мохаммед Суман / Бангладеш "Егіс алқабындағы намаз". 2024 жылғы Андрей Стенин атындағы байқаудың алдын ала тізімінен алынған сурет
Байқау жыл соңына дейін әлем қалаларында жеңімпаздардың дәстүрлі роуд-шоуын бастауды жоспарлап отыр.

Байқау туралы

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).
Жаңалықтар
0