https://sputnik.kz/20240617/almatyda-anshilerdi-aldagan-alayaq-ustaldy--45005394.html
Алматыда әншілерді алдаған алаяқ ұсталды
Алматыда әншілерді алдаған алаяқ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматыда бірнеше әншіні алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 17.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-17T14:58+0500
2024-06-17T14:58+0500
2024-06-17T14:58+0500
алматы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматыда бірнеше әншіні алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 30 жастағы ер өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Әншілер мен музыканттар полицияға ұжымдық арызбен жүгінді. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.Оның айтуынша, бөтен біреудің әнін сату үшін әншілердің желідегі парақшаларына немесе әншілердің өздеріне шыққан. "Өзімді сазгермін, ақынмын деп таныстырдым. Сосын өзіме тиесілі емес әндерді ұсындым", - дейді ол. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, алаяқтық
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматыда бірнеше әншіні алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
30 жастағы ер өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Әншілер мен музыканттар полицияға ұжымдық арызбен жүгінді. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.
Оның айтуынша, бөтен біреудің әнін сату үшін әншілердің желідегі парақшаларына немесе әншілердің өздеріне шыққан.
"Өзімді сазгермін, ақынмын деп таныстырдым. Сосын өзіме тиесілі емес әндерді ұсындым", - дейді ол.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше адамға қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.