Елорда тынысы

Алдағы үш жылда Астанада 11 денсаулық сақтау нысаны салынады

© Photo : Пресс-служба министерства здравоохранения Казахстана Больница имени Макажанова в Карагандинской области
Больница имени Макажанова в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Бұл мәліметтерді бүгін медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
"Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Денсаулық – қолымызда бар ең құнды нәрсе, ал сіздер – біздің басты қаһармандарымыз осы жолда күн сайын тоқтаусыз еңбек етіп жүрсіздер. Елорданың мемлекеттік денсаулық сақтау секторында 12 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Сіздердің әрқайсыларыңыз ұлтымыздың денсаулығына баға жетпес үлес қосып келесіздер",-деді елорда әкім өзінің желідегі парақшасында.
Сондай-ақ ол қаланың денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәліметтерді келтірді.
Әкімнің сөзінше, былтыр емханалардың дәрігерлері 10 миллионнан астам қабылдау өткізіп, жедел жәрдем қызметкерлері 700 мыңнан астам шақыртуға шыққан. Елорда стационарлары 200 мыңға жуық науқастың өмірін сақтап қалып, жүз мыңнан астам күрделі операция жасалған. Сіздер 30 мыңнан астам сәбидің өмірге келуіне көмектестіңіздер! Осы сандарға қарап-ақ үлкен жұмыстарыңыз бен адал еңбектеріңіз туралы айтуға болады.
"Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерді жан-жақты қолдау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Біз медицина қызметкерлері мен науқастар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз",-деді Жеңіс Қасымбек.
Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, алдағы үш жылда 11 денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде 2 перинаталдық орталық, 2 жаңа заманауи көпсалалы аурухана, оның ішінде балалар ауруханасы, 2 мемлекеттік және 5 жеке емхана салу жоспаранып отыр.
"Медициналық ұйымдарды заманауи техникамен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру маңызды міндет болып саналады. Ақхалатты жандарды кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!" – деп жазды елорда әкімі.
Жаңалықтар
0