Утильалымға қатысты петиция: министрлік жұмыс тобының видеоларын жариялай бастады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қайта утильалым бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының видеоларын жариялай бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
YouTube арнасында арнайы плейлист құрылды. Онда жұмыс тобының отырысы бойынша бірнеше видео жарияланды.
"Біз петицияны қарау процесінің ашықтығын жақтаймыз. Сондықтан азаматтар болып жатқан жайт туралы толық түсінік алуы үшін бейнероликтің толық нұсқасын жариялауды жөн көрдік", - дейді министрлік мамандары.
Алдағы уақытта петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырыстары мен басқа шараларына қарай плейлист те жаңартылып отырады. Айта кетері, жақында жұмыс тобының мүшелері Көкшетаудағы көлік құралдары және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын зауыттарды аралады.
Жаңалықтар
0