Ресейде кепілге адам алған қылмыскерлер жойылды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Дондағы Ростов қаласындағы тергеу изоляторында екі адамды кепілген алған қылмыскерлер жойылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Жазаларды орындау қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін кепілге алынған адамдарды босату бойынша арнайы операция өтті.
"Арнайы операция кезінде қылмыскерлердің көзі жойылды. Кепілде болған адамдар босатылды және зардап шеккен жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Бүгін таңертең тергеу изоляторында отырған бірнеше арестант екі қызметкерді кепілге алды. Біреуі – шұғыл басқарма басшысы Александр Богма, екіншісі – бақылаушы.
Қылмыскерлерді өрт сөндіруге арналған балталар мен резеңке таяқтар болды. Олар көлік пен изолятордан шығуға мүмкнідік беруді талап етті. Үшеуі – Ингушетия мен Шешенстан азаматтары. Олар Карачаев-Черкес жерінде террористік акт жасамақшы болған. Сол үшін 18 жылға сотталды. Тергеу изоляторында оларға тағы екі адам қосылды.
Жаңалықтар
0