Қазақстандық Асу Алмабаев UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
Асу UFC турнирінің негізгі кардында алғаш рет жекпе-жек өткізді
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 30 жастағы қазақстандық спортшының қарсыласы жеңіл салмақ дәрежесінде дебют жасаған 29 жастағы америкалық Хосе Джонсон (16-9) болды.
Жекпе-жек үш раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша Асу төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Жекпе-жектен кейін Асу өзінің топ-15 немесе топ-10 емес, топ-5 файтері екенін айтып, жеңіл салмақта UFC рейтингінде төртінші орында тұрған жаңазеландиялық Кай Кара-Франсты жекпе-жекке шақырды.
Асу UFC турнирінің негізгі кардына алғаш рет шықты және UFC-дің түсірілім павильоны – UFC Apex-те алғаш рет жекпе-жек өткізді, бұл турнирлерде көрермен саны шектеулі.
Естеріңізге сала кетейік, Асу Джексонвилл қаласындағы UFC турнирінде дебют жасап, екінші жекпе-жегін UFC 299 турнирінде өткізді – екеуінде де Алмабаев алдын ала кардта сынға түсті.
Алмабаевтың қазіргі көрсеткіші – UFC-де 3-0 және ММА-де 20-2.
Жаңалықтар
0