Qarmet-тің техникалық каналында жас жігіт суға батып кетті

© Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті Qarmet-тің техникалық каналында жас жігіт суға батып кетті
Qarmet-тің техникалық каналында жас жігіт суға батып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Теміртау қаласында жас жігіт техникалық каналға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғка 15 маусым күні сағат 14:40-та болған. 20 жастағы жігіт "Qarmet" компаниясына қарасты техникалық каналға 1-көпірдің жанында суға түскен.
"Құтқарушылар іздеу жұмыстары кезінде сағат 14:50-де судан батып кеткен адамның денесін алып шықты", - дейді департамент мамандары.
Қайтыс болған жігіт рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Осы орайда құтқарушылар қауіпсіздік шаралары сақтауға және жабдықталмаған жерлерде суға түспеуге кеңес берді.
Жаңалықтар
0