Астанада әуежайға апаратын бір жол ішінара жабылды

© Sputnik/Ертай СарбасовРемонт дорог в Алматы фотолента
Ремонт дорог в Алматы фотолента - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Астанада Мәңгілік ел даңғылының әуежайға апаратын бір учаскесін екі апта бойы жөндейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәңгілік Ел даңғылының бойымен Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 16 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Жолдың бір жағымен екі бағытта да жүруге болады", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліске тап болмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
Айта кетері, бұған дейін Астанада бір жолды жапққаннан кейін үлкен кептелістер басталды. Қала тұрғындары жұмысқа жете алмай, жарты сағатқа, тіпті бір сағатқа кешікті.
Жаңалықтар
0