https://sputnik.kz/20240616/almaty-balabaqshasynda-balalar-qaldyqtan-buyym-zhasap-zhur-44990978.html
Алматы балабақшасында балалар қалдықтан бұйым жасап жүр
Алматы балабақшасында балалар қалдықтан бұйым жасап жүр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматыдағы балабақшалардың бірінде ерекше экологиялық жоба жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады 24KZ. 16.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-16T09:38+0500
2024-06-16T09:38+0500
2024-06-16T09:38+0500
алматы
балабақша
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматыдағы балабақшалардың бірінде ерекше экологиялық жоба жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады 24KZ.Бүлдіршіндер ұстаздар көмегімен қалдық заттар мен бос құтылардан жиһаз, ойыншық және оқуға қажетті көрнекі құрал жасайды.Ерекше жоба 5 жыл бұрын басталды. Содан бері балалар ұстаздардың және ата-аналардың көмегімен мыңнан астам бұйым жасапты.Олардың арасында логопедтік сабақтарға арналған "Қақпақтар қалашығы" жобасы бар. Ол қақпақтардан жасалған кілемдерге ұқсайды. Тың әдіс баланың ой-өрісін, қарым-қабілетінің дамуына көмектеседі. "Қақпақтар қалашығы" әдісін лицензиялап, патент алыпты.Әр топтағы бүлдіршін ойыншықты бүлдірмейді. Керісінше, қолда бар заттан жаңа бұйым жасауға үйренеді. Бұл бір жағы таза ауада атқарылатын әдістемелік ойын іспетті. Мысалы, бірінші топтағы балалар тәтті балмұздақ жасаса, келесі топтағылар жүгері қуырды. Одан кейін сурет салады.№37 балабақша ұжымы өзге әріптестерімен тәжірибелерін бөлісті."Балаға барлық жағдай жасалып отыр. Себебі бірінші кезекте баланың ойын дамытып, оны еңбекке баулып, қабілеттілігін арттыру керек. Міне, осының барлығын басқа балабақшалар осы семинарда үйреніп алып, өз балабақшасында көрсетуін мақсат етіп отырмыз", - дейді Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмырзаева.Мұндағы балалар әр заттың құнын біліп, тазалық тәрбиесін меңгереді. Пилоттық жобаның мақсаты – бүлдіршіндерді экологиялық сауаттылыққа үйрету, табиғатқа жанашырлық танытуды бала күнінен бойына сіңіру.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, балабақша
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Алматыдағы балабақшалардың бірінде ерекше экологиялық жоба жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады
24KZ. Бүлдіршіндер ұстаздар көмегімен қалдық заттар мен бос құтылардан жиһаз, ойыншық және оқуға қажетті көрнекі құрал жасайды.
Ерекше жоба 5 жыл бұрын басталды. Содан бері балалар ұстаздардың және ата-аналардың көмегімен мыңнан астам бұйым жасапты.
Олардың арасында логопедтік сабақтарға арналған "Қақпақтар қалашығы" жобасы бар. Ол қақпақтардан жасалған кілемдерге ұқсайды. Тың әдіс баланың ой-өрісін, қарым-қабілетінің дамуына көмектеседі. "Қақпақтар қалашығы" әдісін лицензиялап, патент алыпты.
"Біз таза қала үшін жұмыс істейміз. Біздің балабақшаның бүлдіршіндері қонаққа барса да, ішілген бос бөтелкелерді, бос қақпақшаларды біздің балабақшаға алып келеді. Бұл жақта балаларды үнемділікке, ысырапшылдыққа жол бермеуге үйретеміз", - дейді балабақша меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.
Әр топтағы бүлдіршін ойыншықты бүлдірмейді. Керісінше, қолда бар заттан жаңа бұйым жасауға үйренеді. Бұл бір жағы таза ауада атқарылатын әдістемелік ойын іспетті. Мысалы, бірінші топтағы балалар тәтті балмұздақ жасаса, келесі топтағылар жүгері қуырды. Одан кейін сурет салады.
№37 балабақша ұжымы өзге әріптестерімен тәжірибелерін бөлісті.
"Балаға барлық жағдай жасалып отыр. Себебі бірінші кезекте баланың ойын дамытып, оны еңбекке баулып, қабілеттілігін арттыру керек. Міне, осының барлығын басқа балабақшалар осы семинарда үйреніп алып, өз балабақшасында көрсетуін мақсат етіп отырмыз", - дейді Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмырзаева.
Мұндағы балалар әр заттың құнын біліп, тазалық тәрбиесін меңгереді. Пилоттық жобаның мақсаты – бүлдіршіндерді экологиялық сауаттылыққа үйрету, табиғатқа жанашырлық танытуды бала күнінен бойына сіңіру.