https://sputnik.kz/20240616/16-mausym--meditsina-qyzmetkeri-kuni-aqorda-toqaevtyn-quttyqtauyn-zhariyalady-44991124.html
16 маусым – Медицина қызметкері күні: Ақорда Тоқаевтың құттықтауын жариялады
16 маусым – Медицина қызметкері күні: Ақорда Тоқаевтың құттықтауын жариялады
Sputnik Қазақстан
Президент денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін атап өтті 16.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-16T10:20+0500
2024-06-16T10:20+0500
2024-06-16T10:20+0500
медицина
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_6c8a9e2c5517bf26a41785f377681cf4.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі."Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия. Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті Тоқаев.Президент медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударылатынын атап өтті.Оның пікірінше медицина қызметкерлері "Адал азамат" тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүр."Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!", - деп түйіндеді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/85/248558_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_b223808ed06cf07256330cabd0b89096.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина
16 маусым – Медицина қызметкері күні: Ақорда Тоқаевтың құттықтауын жариялады
Президент денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау мемлекеттің маңызды міндетінің бірі екенін атап өтті
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Медицина қызметкері күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Сіздер күн сайын адам өмірі үшін күресіп, ұлт саулығын жақсартуға өлшеусіз зор үлес қосып келесіздер. Бұл – өте жауапты әрі абыройлы миссия. Денсаулық сақтау саласын дамыту, дәрігерлерді барынша қолдау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Біз өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңізді қашанда жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті Тоқаев.
Президент медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және олардың құқықтарын қорғауға әрдайым баса назар аударылатынын атап өтті.
"Жақында қабылданған арнайы заң – осының айқын дәлелі. Сондай-ақ елімізде тұңғыш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" атағы белгіленді. Бұл марапат халыққа қалтқысыз қызмет еткен нағыз майталман мамандарға беріледі", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Оның пікірінше медицина қызметкерлері "Адал азамат" тұжырымдамасының идеалдары мен құндылықтарын берік ұстанып, кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүр.
"Қоғамның игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!", - деп түйіндеді президент.