Саясаттанушылар Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасына баға берді

© Photo : пресс-служба КТК (Каспийский Трубопроводный Консорциум)Флаги Казахстана и России
Флаги Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Астанада Ресей күніне орай салтанатты шара өткізді. Оған жиналған қоғам және саяси қайраткерлер екі елдің қазіргі байланыстарына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан халық партиясының басшысы Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей КСРО ыдырағаннан кейін жаңа жағдайда өзара тиімді бауырлас әрі тату көршілердің қарым-қатынасын қалай құру қажеттігін барша әлемге көрсете білді.
"Иә, Қазақстанда да, Ресейде де ұлтшылдар бар. Бірақ олар сыртқы және ішкі саясатты анықтап жатқан жоқ. Екі ел президенттерінің қарым-қатынасына басымдық беріледі. Ал олардың арасында байланыстар өзара сенімге негізделген", - дейді Ертісбаев.
Ал Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Ресей күніне арналған салтанатты шарада Қазақстанның достық қарым-қатынастағы мемлекет қана емес, Ресейдің жақын одақтасы екенін ерекше атап өтті.
"Ресей мемлекетінің басшысы айтқандай, біздің қарым-қатынасымыз өзара құрмет, егемендікті мойындау, территориялық тұтастық және бір-біріміздің ішкі ісімізге араласпау қағидаларына негізделген", - деп атап көрсетті Бородавкин.
Салтанатты шараға премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты. Ол екі елдің арасында шынайы статегиялық ынтымақтастық пен әріптестіктің орнағанын айтты.
"Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтар жүйесінде Ресей маңызды орын алып отыр. Біздің құқықтық келісімдер базамызда 300-ден астам құжат бар. Соның ішінде достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісімін, XXI ғасырға бағытталған мәңгілік достық пен ынтымақтастық декларациясын және XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық келісімін ерекше атап өткен жөн. Осы құжаттардың негізінде біз стратегиялық әріптестігімізді дамытуды жалғастырып жатырмыз", - деді Скляр.
Бұған дейін Астанада Қазақстанның мәжілісі мен Ресей Мемлекеттік думасының ынтымақтастық жөніндегі парламенттік комиссиясы жиналды. Оған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Александр Жуков қатысты. Оның айтуынша, депутаттар Қазақстан мен Ресей арқылы транзит үшін көлік қатынасын жетілдіруге уағдаласты.
"Бұдан бөлек, біз білім мәселесін жан-жақты қарастырдық. Қазақстанда орыс тілде оқытатын үш мектептің құрылысын шешуге тырысамыз. Сондайқ-ақ Ресей Федерациясында тура сондай қазақ тілдлі мектептерді ашуға дайынбыз", - деді Жуков.
Мемлекеттік думаның туризм комитетінің төрағасы Сангаджи Тарбаевтың айтуынша, Ресейде қазақ тілінде сабақ беретін мектептер Астрахань, Омбы мен Орынборда ашылады. Ал Қазақстанда Тараз, Қызылорда мен Түркістанда орыс тілді мектептер салынады.
"Мектептер мәселесі жер бөлу келіссөздері деңгейіне жетті", - деп атап көрсетті Тарбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Мұзтауға (Белуха – орысша атауы) шекараны өтудің ерекше режимі бар аймақтың мәртебесін беру жоспарланып отыр. Сонда таудың шыңына шығатын туристер қиналмайды.
Жаңалықтар
0