https://sputnik.kz/20240614/tasotkel-su-qoymasyndagy-qurylys-zhumystary-ayaqtaluga-zhaqyn--bektenov-44973173.html
Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын – Бектенов
Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын – Бектенов
Sputnik Қазақстан
Олжас Бектенов Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын және Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарын тексерді 14.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-14T15:31+0500
2024-06-14T15:31+0500
2024-06-14T15:31+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0e/44973303_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6e2da6f7b0334ab059ec0d4bc08061aa.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысымен және ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан су үнемдеу технологиясымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Тасөткел су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарындағы шамамен 35 мың гектардай суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Осы жерден Тасөткел ГЭС қажеттілігі үшін су бөлінеді. Сондай-ақ Шу өзенінің төменгі ағысындағы Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандарына және Түркістан облысының Созақ ауданына экологиялық су беріледі."Бүгінгі күні су нысанында бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, реконструкциялау жөніндегі жобаның екінші кезегі іске асырылуда. Жер қазу жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, өлшеу датчиктерін (пьезометрлерді) орнату 100%-ға орындалды", - деп жазылған хабарламада.Апатты суқашыртқы жүйесі салынды, төтенше жағдай кезінде құлақтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды, өткізу пункті жетілдірілді. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.Премьер-министр су инфрақұрылымы мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.Үкімет басшысы Ақбұлым ауылының "Шарипов" шаруа қожалығының егістігінде су үнемдеу технологиясын енгізу жұмысымен танысты. Шаруашылықтың егіс алқабының жалпы ауданы 330 га құрайды, оның ішінде қант қызылшасына 80 га бөлінген. Сонымен қатар пияз, картоп, жүгері және дәнді дақылдар өсіріледі. Жалпы жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна өнім.Ауыл шаруашылығы құрылымының аумағында тереңдігі 300 метрге дейінгі 11 ұңғыма орналасқан. 6 жаңбырлатқыш қондырғы жеткізіліп, орнатылды, соның нәтижесінде тамшылатып суару қазір 160 га аумақта жүзеге асырылуда.Жалпы, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу және инфрақұрылымды жүргізу үшін үкімет 80%-ға дейін инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шарасын көрсетуде.Сондай-ақ су берушілерге тікелей субсидиялар бөлу арқылы фермерлерге су беру қызметінің құны арзандатылады. Бұдан басқа, жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5%-бен, 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейінгі мерзімге су үнемдеу технологиясын енгізетін жобаларға несие беру көзделген.Үкімет басшысы су үнемдеу технологиясын енгізудің және егіншілікте суармалы алқаптарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.Басымдық беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі — қант қызылшасы, оның егіс алқабы өңірде 10,6 мың га дейін ұлғайды. Биыл орташа өнімділігі гектарына 60 мың тонна болатын 600 мың тоннадан астам өнім өндіріледі деп жоспарлануда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0e/44973303_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_e820a061c851159f1ca52348abb487a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын – Бектенов
Олжас Бектенов Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын және Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарын тексерді
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысымен және ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан су үнемдеу технологиясымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тасөткел су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарындағы шамамен 35 мың гектардай суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді. Осы жерден Тасөткел ГЭС қажеттілігі үшін су бөлінеді. Сондай-ақ Шу өзенінің төменгі ағысындағы Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандарына және Түркістан облысының Созақ ауданына экологиялық су беріледі.
"Бүгінгі күні су нысанында бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, реконструкциялау жөніндегі жобаның екінші кезегі іске асырылуда. Жер қазу жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, өлшеу датчиктерін (пьезометрлерді) орнату 100%-ға орындалды", - деп жазылған хабарламада.
Апатты суқашыртқы жүйесі салынды, төтенше жағдай кезінде құлақтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды, өткізу пункті жетілдірілді. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Премьер-министр су инфрақұрылымы мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.
"Еліміздегі барлық бөгет пен су қоймалары 1950-1970 жылдары салынған. Мемлекет басшысы үкіметке 134 елді мекенде су басу қаупін азайту үшін 20 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 15-ін реконструкциялауды тапсырды. Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын екенін көріп отырмыз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Ақбұлым ауылының "Шарипов" шаруа қожалығының егістігінде су үнемдеу технологиясын енгізу жұмысымен танысты. Шаруашылықтың егіс алқабының жалпы ауданы 330 га құрайды, оның ішінде қант қызылшасына 80 га бөлінген. Сонымен қатар пияз, картоп, жүгері және дәнді дақылдар өсіріледі. Жалпы жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна өнім.
Ауыл шаруашылығы құрылымының аумағында тереңдігі 300 метрге дейінгі 11 ұңғыма орналасқан. 6 жаңбырлатқыш қондырғы жеткізіліп, орнатылды, соның нәтижесінде тамшылатып суару қазір 160 га аумақта жүзеге асырылуда.
Жалпы, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу және инфрақұрылымды жүргізу үшін үкімет 80%-ға дейін инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шарасын көрсетуде.
Сондай-ақ су берушілерге тікелей субсидиялар бөлу арқылы фермерлерге су беру қызметінің құны арзандатылады. Бұдан басқа, жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5%-бен, 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейінгі мерзімге су үнемдеу технологиясын енгізетін жобаларға несие беру көзделген.
Үкімет басшысы су үнемдеу технологиясын енгізудің және егіншілікте суармалы алқаптарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.
Басымдық беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі — қант қызылшасы, оның егіс алқабы өңірде 10,6 мың га дейін ұлғайды. Биыл орташа өнімділігі гектарына 60 мың тонна болатын 600 мың тоннадан астам өнім өндіріледі деп жоспарлануда.