"Тальгода" әйел зорлаған жолсеріктердің біреуі екі жыл бұрын, екіншісі биыл босатылған

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Бес жыл бұрын "Тальгода" әйел зорлағаны үшін сотталған жолсеріктер бостандыққа шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаға ұстатарлық оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болған. Астанадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған. Басында сот бұл оқиғаны жабылып зорлау әрекеті деп қарамады. Осылайша, 2019 жылы Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов 2 жыл 6 айға жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ қазақстандықтардың наразылығынан кейін іс қайта қаралып, екі жолсерік бес жылға сотталды.
2022 жылы Қолқанат Құрманиязов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазған. Қалалық сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Ал сол жылы тамыз айында облыстық сот Құрманиязовтың өтінішін қанағаттандырды. Шешімнің бірнеше себебін де көрсеткен. Олар:
сотталушы Құрманияз тағайындаған жазасының 1/2 бөлігін өтеді;
КА-168/2 мекемесінің әкімшілігі тарапынан жақсы мінездеме алды;
екі рет көтермелеу шараларына ие болды;
сот үкімімен мемлекет кірісіне өндірілген процестік шығынды және жәбірленушілерге өтемақы қорына өндірілген мәжбүрлі төлемді толық аударды.
Осылайша, облыстық сот Ақтөбе қаласының №2 сотының 22.06.2022 жылғы қаулысының күшін жойып, сотталушы Қ.С.Құрманияздың жеке шағымын қанағатандырып, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандыру туралы жаңа қаулы шығарды. Сол кезде жәбірленуші А.С.Курманова сот отырысы болатын уақыты мен орны жайлы хабардар етілген, бірақ сот отырысына келмеді.
Ал Жетес Үмбеталиев жазасын толық өтеп, биыл ғана 9 сәуірде бостандыққа шықты.
Жаңалықтар
0