Қазақстан Ресейдің ең жақын одақтасы – елші Бородавкин

© Photo : Минобороны КазахстанаФлаги Казахстана и России
Флаги Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстан Ресей Федерациясының ең жақын одақтасы саналады, деп мәлімдеді Ресей елшісі Алексей Бородавкин Ресей күніне арналған салтанатты қабылдауда.
"Ресей өз дамуында достас мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Оның үстіне Қазақстан осы мемлекеттердің бірі ғана емес, Ресей Федерациясының президенті Владимир Владимирович Путин айтқандай, Ресейдің ең жақын одақтасы болып саналады.
Біздің қарым-қатынасымыз, "өзара құрмет, егемендікті, аумақтық тұтастықты тану және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген", - деді елші.
Бородавкин сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен үзінді келтірді: "Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы. Ортақ тарих, мызғымас достық, өзара құрмет пен сенім негізінде біз мемлекетаралық қарым-қатынас орнаттық, ол көптеген салада өзара мүдделерді іске асырудың жарқын үлгісі болып отыр".
Елші мемлекеттердің алдында "одақтастық қарым-қатынастар мен интеграциялық байланыстарды жақсарту және нығайту бойынша ауқымды міндеттер" тұрғанын айтты.
"Бұл міндеттер 2023 жылдың қарашасында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында XXI ғасырдағы тату көршілік және достық туралы шартқа қол қойылғанына он жыл толуына орай Ресей Федерациясының президенті мен Қазақстан Республикасы президентінің бірлескен мәлімдемесінде және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында аталып өтті", - деді ол.
Елші бірлескен күш-жігердің арқасында мемлекет басшыларының тапсырмалары орындалатынына сенім білдірді.
Жаңалықтар
0