https://sputnik.kz/20240614/qazaqstan-men-aqsh-arasyndagy-tauar-aynalymy-byltyr-4-mlrd-dollardan-asty-44979196.html
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы былтыр 4 млрд доллардан асты
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы былтыр 4 млрд доллардан асты
Sputnik Қазақстан
Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 30 пайыздық өсім көрсетті 14.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-14T19:26+0500
2024-06-14T19:26+0500
2024-06-14T19:50+0500
ақш
қазақстан
https://sputnik.kz/img/1437/16/14371654_0:46:3067:1771_1920x0_80_0_0_2a156a4d61d8a2b232af685c2f60e846.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Тайдың сапары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы отыз жылда екі ел сауда, инвестиция, қауіпсіздік, адам құқықтары және демократия секілді көптеген салада стратегиялық серіктестікті нығайтты.Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр."Мен инвестициялық тартымдылықты жақсартуға, экономиканы ырықтандыруға және өнеркәсіпті дамытуға баса мән беремін", – деп толықтырды президент.АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай құрмет көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ сауда байланыстарын дамытуға және экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін қажетті жағдай жасауға, соның ішінде Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімді жүзеге асыруға қатысты жаңа тәсілдерді бетпе-бет талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.
ақш
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1437/16/14371654_80:0:2809:2047_1920x0_80_0_0_0456ff484127100e318a3f4d910f0296.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, қазақстан
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы былтыр 4 млрд доллардан асты
19:26 14.06.2024 (жаңартылды: 19:50 14.06.2024) Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 30 пайыздық өсім көрсетті
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Тайдың сапары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы отыз жылда екі ел сауда, инвестиция, қауіпсіздік, адам құқықтары және демократия секілді көптеген салада стратегиялық серіктестікті нығайтты.
"Сіздің еліңіз – Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 65 миллиард доллардан асады. Былтыр екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард долларға жетіп, 30 пайыздық өсім көрсетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 600-ден астам америкалық компания табысты жұмыс істеп жатыр.
"Мен инвестициялық тартымдылықты жақсартуға, экономиканы ырықтандыруға және өнеркәсіпті дамытуға баса мән беремін", – деп толықтырды президент.
АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай құрмет көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтты. Сондай-ақ сауда байланыстарын дамытуға және экономикалық ықпалдастықты нығайту үшін қажетті жағдай жасауға, соның ішінде Сауда және инвестициялар жөніндегі негіздемелік келісімді жүзеге асыруға қатысты жаңа тәсілдерді бетпе-бет талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.