Ресей басшысы Еуразияда жаңа қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынды

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өту Мәскеу
 Мәскеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
Ресей президенті қауіпсіздіктің болашақ архитектурасын құру ісіне Еуразиядағы барлық мемлекетті атсалысуға шақырды
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Еуразияда жаңа қауіпсіздік жүйесін құру қажет, бұл өзара кепілдіктерді кеңінен талқылауды талап етеді, деді Владимир Путин Ресей сыртқы істер министрлігі басшылығымен кездесуінде, деп хабарлады РИА Новости.

"Еуразиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің екіжақты және көпжақты кепілдіктерінің жаңа жүйесін кеңінен талқылауды бастайтын уақыт келді. Сонымен қатар біз болашақта құрлықтан тыс елдердің Еуразиялық аймақтағы әскери қатысуын кезең-кезеңімен қысқарту бағытында жұмыс істеуіміз керек", - деді президент.

Еуразия елдері мен аймақтары бірлескен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бағыттарын өздері айқындап, жұмыс институттары, механизмдер мен келісімдер жүйесін құруы керек, деп қосты Ресей басшысы.
Президент Владимир Путин принял участие в ежегодном расширенном заседании коллегии МВД - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Путин ТМД елдеріндегі қызметтер мен инвестицияның еркін саудасы туралы келісімге қол қойды
Путин атап өткендей, қауіпсіздіктің болашақ архитектурасы оны құруға атсалысқысы келетін барлық еуразиялық мемлекет үшін ашық екендігін негізге алу маңызды.

"Барлығы үшін дегеніміз әрине Еуропадағы НАТО-мен одақтас елдері де дегенді білдіреді. Біз бір құрлықта өмір сүріп жатырмыз, қандай жағдай болса да, біз географияны өзгерте алмаймыз. Сондықтан бірге жұмыс істеуге және тіршілік етуге тура келеді", - деді Ресей президенті.

Ол қазіргі жағдайда Еуразиялық аймақта сыртқы мемлекеттердің әскери қатысуын шектеу мақсаты шындыққа жанаспайтын болып көрінуі мүмкін екенін, бірақ сенімді қауіпсіздік жүйесін құрса, мұндай әскери контингенттерге қажеттілік болмайтынын атап өтті.
Жаңалықтар
0