Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин АҚШ пен Украинаның қауіпсіздік туралы келісімін сандырақ деп атады

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин принял участие в ежегодном расширенном заседании коллегии МВД
Президент Владимир Путин принял участие в ежегодном расширенном заседании коллегии МВД - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
Ресейге Владимир Зеленскийдің қандай келісімдерге қол қойғаны маңызды емес, мұнда үгіт-насихаттың белгілері бар, деді ол
АЛМАТЫ, 14 маусым - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ пен Украинаның қауіпсіздік туралы келісімін қоқан-лоқы деп атады, оның пікірінше, бұл келісімшарт түкке тұрғысыз.
"Бірінші жартыжылдықта Украина бірқатар еуропа елімен екі келісім пакетін жасасты, енді АҚШ-пен де осындай құжатқа қол қоймақ... Егер кейінірек мұндай келісімге құқықтық сараптама жүргізілсе, бұл құжаттарға кім және қандай өкілеттікпен қол қойды деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Мұның бәрі сандырақ болып шықты, келісімшарт түкке тұрғысыз, оның барлық құрылымы қирап қалады", - деді Путин Ресей сыртқы істер министрлігі басшылығымен кездесуінде.
Путин сондай-ақ Ресейдің Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін айтты.
"Біз ертең-ақ келіссөз үстеліне отыруға дайынбыз, біз құқықтық жағдайдың ерекшелігін түсінеміз, бірақ онда заңды билік бар, мен мұны жаңа айттым, келіссөз жүргізетін адам бар. Мархабат, біз дайынбыз", - деді ол.
Путин Ресейге Владимир Зеленскийдің қандай келісімдерге қол қоятыны маңызды емес екенін, мұнда үгіт-насихат белгілері бар екенін түсіндірді.
"Олар қалаған нәрсесіне қол қоя берсін, бізге бәрібір. Бұл жерде саяси және үгіт-насихат белігілері бар екені түсінікті ғой. АҚШ пен оның серіктері қандай да бір жолмен өзінің итаршыларын қолдап, олардың салмағын арттырғысы келеді", - деді Путин.
Ол сондай-ақ Украинаның бірқатар еуропа елімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқанын, енді АҚШ-пен де осындай құжат пайда болғанын еске салды.
Жаңалықтар
0