Бішкекте ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары қалай өтетіні талқыланды

© Photo : Исполком ОДКБ Штабные переговоры по подготовке и проведению учения с Коллективными силами ОДКБ
 Штабные переговоры по подготовке и проведению учения с Коллективными силами ОДКБ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2024
Жазылу
Шолуға қатысушыларға ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының негізгі шаралары өтетін аумақтың пішіні көрсетілді
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық күштерімен "Өзара іс-қимыл-2024" оқу-жаттығуларына, "Іздеу-2024" және "Эшелон-2024" арнайы оқу-жаттығуларына дайындық бойынша штабтық келіссөзге қатысушылар қорытынды хаттамаға қол қояды, деп хабарлады ұйымның Атқару комитеті.
Келіссөз барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің делегациялары екі жұмыс тобына бөлінді, деп хабарлады Қырғызстанның қорғаныс министрлігі.
Бірінші жұмыс тобы "Өзара іс-қимыл-2024" ҰҚШҰ Ұжымдық күштерімен оқу-жаттығуларды, "Іздеу-2024" және "Эшелон-2024" арнайы оқу-жаттығуларын дайындау және өткізу бойынша келіссөздер хаттамасының жобасын дайындауға кірісті.
Екінші жұмыс тобы оқу-жаттығу өтетін жерді шолуға шықты, деп хабарлады ведомство.
"Бішкек-Балықшы бағыты бойынша қозғалғаннан кейін ҰҚШҰ мемлекеттерінің қарулы күштерінің өкілдері оқу-жаттығулар өтетін аумақпен танысып, әскери контингенттер орналасқан жерлерді, спорттық іс-шараларды өткізу орындарын тексерді, сондай-ақ спорт кешендері мен алаңдардың жағдайын бағалады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар шолу шарасына қатысушыларына негізгі оқу-жаттығу шаралары өтетін аумақтың пішіні көрсетілді.
Жаңалықтар
0