https://sputnik.kz/20240614/33-zhyl-quzhatsyz-zhurgen-oral-turgyny-tugan-ulyn-koreyadan-tapty-44975844.html
33 жыл құжатсыз жүрген Орал тұрғыны туған ұлын Кореядан тапты
33 жыл құжатсыз жүрген Орал тұрғыны туған ұлын Кореядан тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Орал қаласында ер адам 33 жыл жылдан кейін жеке куәлігін алды. Ал оның туған ұлы Кореядан табылды, деп хабарлайды Sputnik... 14.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-14T16:51+0500
2024-06-14T16:51+0500
2024-06-14T16:51+0500
орал
құжат
https://sputnik.kz/img/1287/89/12878966_46:0:2954:1636_1920x0_80_0_0_b771c13b2978df6f0222c6ac07b1d990.jpg
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Орал қаласында ер адам 33 жыл жылдан кейін жеке куәлігін алды. Ал оның туған ұлы Кореядан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой Город" порталына сілтеме жасап.Гергий Ни 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Қырғызстанға көшіп кетеді. Біршама уақыттан кейін Өзбекстанға, артынан Түрікменстанға қоныс аударды. 37 жасында Георгий туған жеріне оралады. Қазақстанда шаңырақ құрып, ұл сүйді. Баласы екі жасқа толғанда отбасын қалдырып, Батыс Қазақстанға табыс табуға кетіп қалған. Сонда бақташы мен қойшы болып, далада бақша екті. Артынан құжатын жоғалтып алып, туған-туыстарымен байланысы үзілген.2020 жылы Георгий таныстарының ақыл-кеңесімен Орал қаласының әлеуметтік көмек орталығына жүгінеді. Орталық мамандары бірден мемлекеттік және шетелдік мекемелерге сұрау салып, ақпарат іздеуге кірісті. Ал барлық жауапты алғаннан кейін көші-қон полициясына құжат жіберген. Георгий жеке құжаттарын алғанда қуанышын жасырмады. Өзін адам ретінде және өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінгенін жеткізді.Орталық мамандары Нұрлы Жұбатова мен Арай Шынтемірова Георгийдің ұлын да тауып берді. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Кореяда тұрады. Әкесі онымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті, көзіне жас алды. Георгий алдымен денсаулығын қаратуды жоспарлап отыр. Әйтпесе, бұрын құжатсыз ешкім қабылдамапты. Одан кейін ұлымен кездесуді қалайды.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1287/89/12878966_410:0:2591:1636_1920x0_80_0_0_f9652f283fc02c7bff98c197aa11ab4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, құжат
33 жыл құжатсыз жүрген Орал тұрғыны туған ұлын Кореядан тапты
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Орал қаласында ер адам 33 жыл жылдан кейін жеке куәлігін алды. Ал оның туған ұлы Кореядан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой Город"
порталына сілтеме жасап.
Гергий Ни 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Қырғызстанға көшіп кетеді. Біршама уақыттан кейін Өзбекстанға, артынан Түрікменстанға қоныс аударды. 37 жасында Георгий туған жеріне оралады. Қазақстанда шаңырақ құрып, ұл сүйді. Баласы екі жасқа толғанда отбасын қалдырып, Батыс Қазақстанға табыс табуға кетіп қалған. Сонда бақташы мен қойшы болып, далада бақша екті. Артынан құжатын жоғалтып алып, туған-туыстарымен байланысы үзілген.
2020 жылы Георгий таныстарының ақыл-кеңесімен Орал қаласының әлеуметтік көмек орталығына жүгінеді. Орталық мамандары бірден мемлекеттік және шетелдік мекемелерге сұрау салып, ақпарат іздеуге кірісті. Ал барлық жауапты алғаннан кейін көші-қон полициясына құжат жіберген. Георгий жеке құжаттарын алғанда қуанышын жасырмады. Өзін адам ретінде және өз елінің толыққанды азаматы ретінде сезінгенін жеткізді.
Орталық мамандары Нұрлы Жұбатова мен Арай Шынтемірова Георгийдің ұлын да тауып берді. Қазіргі кезде ол Оңтүстік Кореяда тұрады. Әкесі онымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті, көзіне жас алды. Георгий алдымен денсаулығын қаратуды жоспарлап отыр. Әйтпесе, бұрын құжатсыз ешкім қабылдамапты. Одан кейін ұлымен кездесуді қалайды.