https://sputnik.kz/20240613/zhana-kameralar-astana-avtobustarynda-biletsiz-zholaushylardy-anyqtaydy-44946572.html
Жаңа камералар Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайды
Жаңа камералар Астана автобустарында билетсіз жолаушыларды анықтайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын іске қосады... 13.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-13T13:51+0500
2024-06-13T13:51+0500
2024-06-13T13:51+0500
автобус
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_0:69:3136:1833_1920x0_80_0_0_4e578180edbc1cbc923589d359c8353d.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі.Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.CTS-те жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылу барысы туралы қосымша хабарланады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25849901_565:0:3136:1928_1920x0_80_0_0_385391b9197970648173f0c7f777755e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, астана
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "City Transportation Systems" ЖШС "Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі" инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.
Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі.
Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.
CTS-те жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылу барысы туралы қосымша хабарланады.