Тәулігіне 1,5 келі салмақ қосады: Жетісулықтар малды аустралиялық әдіспен өсіреді

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіЖетісулықтар малды аустралиялық әдіспен өсіреді
Жетісулықтар малды аустралиялық әдіспен өсіреді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Жазылу
Мал басын көбейтумен 3 мың бас асыл тұқымды малға арналған "Шынжылы" шаруа қожалығы айналысады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Жетісу облысындағы ірі шаруашылықтар аустралиялық мал өсіру әдісін қолданып жатыр. Жайылымда бағылған мал тәулігіне 1,2-1,5 келі салмақ қосады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Өңірге жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин Алакөл ауданындағы мал шаруашылығының жай-күйімен танысты. Мұнда 69 мың гектар алқапта мал шаруашылығының толық циклі: көбейту, өсіру, бордақылау қамтамасыз етілген аграрлық кластер құрылған.
Мал басын көбейтумен 3 мың бас асыл тұқымды малға арналған "Шынжылы" шаруа қожалығы айналысады. Өсіруді "Арқарлы-Майбүйрек" ЖШС қолға алған. "Қайыңды" ЖШС-ында 5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы және тәуліктік қуаты 700 бас қой және 60-120 бас ірі қара немесе жылқы болатын ет комбинаты бар. Бұл ретте кәсіпорын тәуліктік қуатты 25 мың басқа дейін арттыруға дайын. "Алакөл агро" ЖШС 5 жыл бойы өнеркәсіптік ауқымда етті қой тұқымын жақсарту бағытында жұмыс атқаруда. 50 мың ұсақ малға арналған бордақылау алаңын салу жоспарланған.
"Алакөл агро" директоры Өмірбек Ахметовтің айтуынша, жайылымдық бағу арқылы олар малдың тәулігіне 1,2-1,5 келі, жалпы алғанда 200-250 келі салмақ қосуына қол жеткізген.
"Жайылымға мал 350-400 келі салмақпен шығып, жаз бойы 200 келіге дейін жинайды, қалған 150 келісі қорада бордақылау есебінен жиналады", — деп атап өтті ол.
Кәсіпорынның жеке оқыту орталығы бар, онда ғалымдар мал өсірушілермен бірге көп жыл бойы ірі қара мен ұсақ малдың тұқымын жақсарту бағытында жұмыс істеп келеді. Олар өз білімін еліміздің ауыл шаруашылығы игілігі үшін мемлекеттік ғылыми институттармен бөлісуге дайын.
Серік Жұманғарин Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтына Қазақстан бойынша кооперация мүмкіндіктерін пысықтауды және мал шаруашылығына ғылыми көзқарас бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Жаңалықтар
0