https://sputnik.kz/20240613/qazaqstan-temir-zholynda-tsifrlyq-transformatsiyalau-zhumystary-qalay-zhurip-zhatyr-44948796.html
Қазақстан темір жолында цифрлық трансформациялау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Қазақстан темір жолында цифрлық трансформациялау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Бірінші кезеңде компанияда SD-WAN технологиясы енгізілді 13.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-13T22:49+0500
2024-06-13T22:49+0500
2024-06-13T22:49+0500
цифрландыру
қтж
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0d/44947750_0:155:1920:1235_1920x0_80_0_0_7a584cf2c1f670ff9fc2e71c562c2314.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және Huawei Technologies Kazakhstan қазақстандық темір жолдарды цифрландыруға бағытталған стратегиялық әріптестік аясында деректерді беру желілерін жаңғыртудың бірінші кезеңін іске асырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Бірінші кезеңде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да SD-WAN технологиясы енгізілді, ол Астанадағы бас кеңсені және Қазақстанның 16 ірі темір жол бөлімшесін байланыстырады.Huawei SD-Wan шешімі ҚТЖ-ға деректерді беру желілерін оңтайландыруға және инфрақұрылымды басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технология сонымен қатар кез-келген жағдайда сенімді жұмыс істей отырып, желіні қазіргі қажеттіліктерге сәйкес бейімдеуді және масштабтауды жеңілдетеді.ZTP (Zero-touch provisioning) технологиясын қолданудың арқасында SD-WAN шешімінің қызметтерді конфигурациялау және көшіру бойынша көп уақытты қажет етпестен жаңа станцияларды оңай қосуға болады.Деректерді беру желісін жаңғырту 15 жыл бұрын пайдалануға берілген ҚТЖ ДБЖ-ның ескірген жабдығын ауыстыруды мақсат етеді.Huawei компаниясының SD-WAN технологиясы бойынша заманауи шешімі маршруттау процестерін басқарудың икемді жүйесін қамтамасыз етуге және басқарудың дәстүрлі түрінен орталықтандырылған басқару принципіне көшуге мүмкіндік береді, бұл аймақтық және орталық қызметтер арасында таратылатын деректерді басқарудың икемді тәсілін қамтамасыз етеді."Жобаны іске асыру "Транстелеком" АҚ, Huawei Technologies Kazakhstan мамандары мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Бас есептеу орталығы мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды", — деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Бас есептеу орталығы" филиалының Желілік жүйелерді енгізу департаментінің директоры Нығметжан Ілияс Маратұлы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0d/44947750_109:0:1812:1277_1920x0_80_0_0_2bcac19a25513cf4535f6d1d17b6ee1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, қтж
Қазақстан темір жолында цифрлық трансформациялау жұмыстары қалай жүріп жатыр
Бірінші кезеңде компанияда SD-WAN технологиясы енгізілді
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ және Huawei Technologies Kazakhstan қазақстандық темір жолдарды цифрландыруға бағытталған стратегиялық әріптестік аясында деректерді беру желілерін жаңғыртудың бірінші кезеңін іске асырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бірінші кезеңде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да SD-WAN технологиясы енгізілді, ол Астанадағы бас кеңсені және Қазақстанның 16 ірі темір жол бөлімшесін байланыстырады.
Huawei SD-Wan шешімі ҚТЖ-ға деректерді беру желілерін оңтайландыруға және инфрақұрылымды басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технология сонымен қатар кез-келген жағдайда сенімді жұмыс істей отырып, желіні қазіргі қажеттіліктерге сәйкес бейімдеуді және масштабтауды жеңілдетеді.
ZTP (Zero-touch provisioning) технологиясын қолданудың арқасында SD-WAN шешімінің қызметтерді конфигурациялау және көшіру бойынша көп уақытты қажет етпестен жаңа станцияларды оңай қосуға болады.
"Біздің SD-Wan шешіміміз желіні басқаруды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар ҚТЖ сияқты компаниялар үшін маңызды саналатын жоғары өнімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Huawei Technologies Kazakhstan желілік шешімдер жөніндегі техникалық директоры Андрей Сим.
Деректерді беру желісін жаңғырту 15 жыл бұрын пайдалануға берілген ҚТЖ ДБЖ-ның ескірген жабдығын ауыстыруды мақсат етеді.
Huawei компаниясының SD-WAN технологиясы бойынша заманауи шешімі маршруттау процестерін басқарудың икемді жүйесін қамтамасыз етуге және басқарудың дәстүрлі түрінен орталықтандырылған басқару принципіне көшуге мүмкіндік береді, бұл аймақтық және орталық қызметтер арасында таратылатын деректерді басқарудың икемді тәсілін қамтамасыз етеді.
"Жобаны іске асыру "Транстелеком" АҚ, Huawei Technologies Kazakhstan мамандары мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ Бас есептеу орталығы мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды", — деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Бас есептеу орталығы" филиалының Желілік жүйелерді енгізу департаментінің директоры Нығметжан Ілияс Маратұлы.