https://sputnik.kz/20240613/otandyq-qurylys-material-ondirushileri-ishki-suranystyn-68-in-qamtamasyz-etip-otyr-44930704.html
Отандық құрылыс материал өндірушілері ішкі сұраныстың 68%-ін қамтамасыз етіп отыр
Отандық құрылыс материал өндірушілері ішкі сұраныстың 68%-ін қамтамасыз етіп отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан құрылыс материалдарының кең спектрін өндіру үшін айтарлықтай ресурстар мен әлеуетке ие. Құрылыс материалдары өндірісінің... 13.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-13T08:00+0500
2024-06-13T08:00+0500
2024-06-13T08:00+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854174_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_c280d6b203a73508e809d68632e110e1.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан құрылыс материалдарының кең спектрін өндіру үшін айтарлықтай ресурстар мен әлеуетке ие. Құрылыс материалдары өндірісінің дамуы импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді және жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту арқылы жергілікті экономиканы ынталандырады. Қазақстанның құрылыс саласы әлемдік нарықта, әсіресе өңірлік интеграциялық және сауда бастамалары шеңберінде құрылыс материалдарының маңызды жеткізушісі болу әлеуетіне ие. Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ алаңында еліміздегі құрылыс саласын дамыту жайында баяндады.Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан Үкіметі құрылыс саласын дамытуды ынталандыру үшін белсенді шаралар қабылдауда. Бұған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын енгізу, заманауи технологияларға инвестициялар салу, инфрақұрылымды дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау кіреді.Мысалы: Қазақстанда жалпы жобалық қуаты 16,5 млн тонна болатын 15 цемент зауыты жұмыс істейді. 2023 жылы цементке ішкі сұраныс 11,7 млн тоннаны құрады, бұл елдің ішкі нарығының толық қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан цементті Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей нарықтарына экспорттайды.2023 жылы Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық бетонды тұтыну 19,3 млн тоннаны құрады, бұл ретте кәсіпорындар осындай өнім көлемін шығарды. Күрделі тауарлар аз дамыған жылу оқшаулағыш плиталар, жұмсақ шатыр жабындары, қабырғалар мен шатырларға арналған композициялық материалдар, керамикалық плиткалар және т. б.2023 жылы ҚР аумағында 91 мың тонна жылу оқшаулағыш материалдар шығарылды. Осындай материалдарға сұраныстың ішкі нарығы сол кезеңде 154 мың тоннаны құрады. Министрлік осы бағытта белсенді жұмыс жасап, салаға трансұлттық компанияны тартып жатыр. Мәселен, Алматы облысында қазіргі уақытта "ТехноНикольКАЗАХСТАН" ЖШС іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жобаға инвестициялардың жалпы сомасы 44 млрд теңгеге жуықтады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854174_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_7bcafcadccf949d5a4b757bdae60cab9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан құрылыс материалдарының кең спектрін өндіру үшін айтарлықтай ресурстар мен әлеуетке ие. Құрылыс материалдары өндірісінің дамуы импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді және жұмыс орындарын құру және инвестиция тарту арқылы жергілікті экономиканы ынталандырады.
Қазақстанның құрылыс саласы әлемдік нарықта, әсіресе өңірлік интеграциялық және сауда бастамалары шеңберінде құрылыс материалдарының маңызды жеткізушісі болу әлеуетіне ие. Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков ОКҚ алаңында еліміздегі құрылыс саласын дамыту жайында баяндады.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан Үкіметі құрылыс саласын дамытуды ынталандыру үшін белсенді шаралар қабылдауда. Бұған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын енгізу, заманауи технологияларға инвестициялар салу, инфрақұрылымды дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау кіреді.
"Құрылыс материалдарын өндіру саласында 2020 жылдан 2024 жылға салыстырғанда 13 тармаққа ұлғайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарық сұранысының 68 %-н отандық өндірушілер қамтамасыз етеді. 32%-ы импортталып жатыр. Отандық өндіріс ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді: мысалы, басқа портландцемент, тауарлық бетон, гипс, құрғақ құрылыс материалдары", – деді спикер.
Мысалы: Қазақстанда жалпы жобалық қуаты 16,5 млн тонна болатын 15 цемент зауыты жұмыс істейді. 2023 жылы цементке ішкі сұраныс 11,7 млн тоннаны құрады, бұл елдің ішкі нарығының толық қамтамасыз етілгендігін көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан цементті Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей нарықтарына экспорттайды.
2023 жылы Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық бетонды тұтыну 19,3 млн тоннаны құрады, бұл ретте кәсіпорындар осындай өнім көлемін шығарды. Күрделі тауарлар аз дамыған жылу оқшаулағыш плиталар, жұмсақ шатыр жабындары, қабырғалар мен шатырларға арналған композициялық материалдар, керамикалық плиткалар және т. б.
2023 жылы ҚР аумағында 91 мың тонна жылу оқшаулағыш материалдар шығарылды. Осындай материалдарға сұраныстың ішкі нарығы сол кезеңде 154 мың тоннаны құрады. Министрлік осы бағытта белсенді жұмыс жасап, салаға трансұлттық компанияны тартып жатыр. Мәселен, Алматы облысында қазіргі уақытта "ТехноНикольКАЗАХСТАН" ЖШС іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жобаға инвестициялардың жалпы сомасы 44 млрд теңгеге жуықтады.