Молдовадан ұйымдасқан топтың мүшесі экстрадицияланды – Бас прокуратура

© Sputnik / Anar MustafayevДевушка в наручниках, архивное фото
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Молдова Республикасынан ұйымдасқан топтың қатысушысы экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Молдова Республикасынан күдікті әйелді экстрадициялады.
"Ол 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге жүйелі түрде экономикалық және қаржылық алаяқтық жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті топтың құрамында қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсетумен айналысқан.
Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келтірілген.
Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл мамыр айында ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкi тәркiленiп, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0