https://sputnik.kz/20240612/smayylov-zhalpyga-ortaq-zholdarda-auyr-salmaqty-kolikterdin-zhuruine-tyyym-salu-kerek-44915193.html
Смайылов: Жалпыға ортақ жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне тыйым салу керек
Смайылов: Жалпыға ортақ жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне тыйым салу керек
Sputnik Қазақстан
Автожол саласында шұғыл шешімдер қабылдауды талап ететін жүйелі кемшіліктер анықталды. Бұл саладағы аудит нәтижелері алаңдатарлық 12.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-12T13:00+0500
2024-06-12T13:00+0500
2024-06-12T13:00+0500
автожол
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_c09e7928615c514976efe52099815471.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек, деп мәлімдеді Жоғарғы аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов.Оның айтуынша, мемлекеттің кепілдігімен алынған халықаралық қарыздар бойынша жобаларды басқару сапасының төмен екені және оларды іске асыру мерзімдерінің ұзаққа созылғаны анықталып отыр.Бұлар:"Мемлекеттің кепілдігімен тартылған қаражаттың қол жеткізілген нәтижелеріне тиісті бағалау жүргізілмейді. Осындай қаражат есебінен іске асырылатын жобалардың өзіндік құнын ықтимал арзандату бойынша талдау жасалмайды. Мысалы, кепілдендірілген қарыздар есебінен салынған бір км жолдың құны бюджет қаражаты есебінен салынғаннан орта есеппен 3 есе қымбат", - деді Смайылов.Құрылыс материалдарының тапшылығы және олардың сапасының төмендігі жолдар салудың және жөндеудің өзіндік құнына да, автожол саласының жобаларын уақытылы іске асыруға да теріс әсер етеді.Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау тиімділігі төмен. Жолдарды ағымдағы күтіп ұстау үшін қалдықтық қаржыландыру тәсілі сақталып отыр.Орта есеппен соңғы төрт жылда қаржыландыру нормативтің 67%-ын құрады.Оның мәліметінше автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға соңғы төрт жылда барлығы 1,9 трлн теңге бөлінген.Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 72%-ды құрайды.Автомобиль жолдарының бұзылуына әкелетін негізгі факторлар – рұқсат етілген массадан асатын ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі. Бұл – тасымалдау процесінің жекелеген топтардың мүдделерін қорғау және принципті позицияның болмауы себебінен көптеген жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе."Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты күшейту қажет", - деп мәлімдеді Смайылов.Әрбір кемшілік бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_76:0:1204:846_1920x0_80_0_0_207ff0ea40c666ce67477c2e9cd74a3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автожол, әлихан смайылов
Смайылов: Жалпыға ортақ жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне тыйым салу керек
Автожол саласында шұғыл шешімдер қабылдауды талап ететін жүйелі кемшіліктер анықталды. Бұл саладағы аудит нәтижелері алаңдатарлық
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек, деп мәлімдеді Жоғарғы аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, мемлекеттің кепілдігімен алынған халықаралық қарыздар бойынша жобаларды басқару сапасының төмен екені және оларды іске асыру мерзімдерінің ұзаққа созылғаны анықталып отыр.
төленген және игерілмеген аванстарға қызмет көрсеткені үшін сыйақы төлеу арқылы республикалық бюджеттің шамамен 40 млрд теңгеге шығынға ұшырауына;
жобалардың 294 млрд теңгеге қымбаттауына;
"ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамына жұмсалғаны расталмаған 21 млрд теңге шығындарын төлеуге әкелді.
"Мемлекеттің кепілдігімен тартылған қаражаттың қол жеткізілген нәтижелеріне тиісті бағалау жүргізілмейді. Осындай қаражат есебінен іске асырылатын жобалардың өзіндік құнын ықтимал арзандату бойынша талдау жасалмайды. Мысалы, кепілдендірілген қарыздар есебінен салынған бір км жолдың құны бюджет қаражаты есебінен салынғаннан орта есеппен 3 есе қымбат", - деді Смайылов.
Құрылыс материалдарының тапшылығы және олардың сапасының төмендігі жолдар салудың және жөндеудің өзіндік құнына да, автожол саласының жобаларын уақытылы іске асыруға да теріс әсер етеді.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау тиімділігі төмен. Жолдарды ағымдағы күтіп ұстау үшін қалдықтық қаржыландыру тәсілі сақталып отыр.
Орта есеппен соңғы төрт жылда қаржыландыру нормативтің 67%-ын құрады.
"ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамы республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйін күтуге арналған қажетті техникамен толық жабдықталмаған", - деді Жоғарғы аудиторлық палата басшысы.
Оның мәліметінше автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және күтіп ұстауға соңғы төрт жылда барлығы 1,9 трлн теңге бөлінген.
Аудит деректері бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 72%-ды құрайды.
Автомобиль жолдарының бұзылуына әкелетін негізгі факторлар – рұқсат етілген массадан асатын ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі. Бұл – тасымалдау процесінің жекелеген топтардың мүдделерін қорғау және принципті позицияның болмауы себебінен көптеген жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе.
"Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты күшейту қажет", - деп мәлімдеді Смайылов.
Әрбір кемшілік бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірленді.