https://sputnik.kz/20240612/shymkentte-ush-zhigitke-73-mln-bergen-qytaylyq-kasipker-adildik-tappay-zhur-44910985.html
Шымкентте үш жігітке 73 млн берген қытайлық кәсіпкер әділдік таппай жүр
Шымкентте үш жігітке 73 млн берген қытайлық кәсіпкер әділдік таппай жүр
Sputnik Қазақстан
Ол наурыз айынан бері Шымкенттің полиция департаменті мен прокуратураның табалдырығын тоздырған 12.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-12T10:00+0500
2024-06-12T10:00+0500
2024-06-12T10:00+0500
қытай
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/11/56/115611_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_74cda7c05af6fbc69de3b20038a8403e.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Шымкентте алаяқтарға 73 миллион теңгесін санап берген Ван Ир Чанг есімді қытайлық кәсіпкер әділдік таппай, елшілік жағалап жүр, деп хабарлады КТК.Малдың ішек-қарнын Қытайға алдырып, содан деликатес жасаймын деген 45 жастағы шетелдік Алматыда үш жігітпен танысады. Олар Шымкенттегі қасапханаларда таныстарының көп екенін айтып, төрт айда "30 тонна тауар дайындап қойдық" деп, 73 миллион теңге ақша аудартқызған.Шетелдіктің арызынан кейін іс қозғаған полицейлер күдіктілерді ұстап, 756 қап мұздатылған ішек қарынды тәркілеген. Күдіктілер де ақша алғанын, бірақ тауарды бермегенін мойындапты. Дегенмен көп ұзамай айғақ зат ретінде алынған деликатесті алаяқ ретінде күдікке ілінгендерге қайтарып бере салған."Ешқандай да мәселе жоқ, іс қысқартылады, біз затты сатып жібердік деп айтқан, мойындаған", - дейді адвокат Нұржан Үсіпханов.Жәбірленушілер күдіктілердің дауысы жазылған аудиожазбаны Шымкенттегі полиция басшылары мен прокурорларға да тыңдатқан. Бірақ ешкім селт етпепті. Алданған кәсіпкер қорғаушыларын алып бүгін полиция департаментіне тағы барды.Тәртіп сақшылары бұл жолы да қылмыстық іс қысқартылған деп қысқа қайырды.Қазір кінәсін мойындаған үш жігіттің қайда екені белгісіз. Сондай-ақ ақшасы төленген тауардың да қай жаққа кеткенін ешкім білмейді. Ал Шымкенттің құқық қорғау орындарынан әділдік таппаған шетелдік енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/56/115611_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_546c044cf28194326c0292fdadb9be3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, кәсіпкер
Шымкентте үш жігітке 73 млн берген қытайлық кәсіпкер әділдік таппай жүр
Ол наурыз айынан бері Шымкенттің полиция департаменті мен прокуратураның табалдырығын тоздырған
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Шымкентте алаяқтарға 73 миллион теңгесін санап берген Ван Ир Чанг есімді қытайлық кәсіпкер әділдік таппай, елшілік жағалап жүр, деп хабарлады
КТК. Малдың ішек-қарнын Қытайға алдырып, содан деликатес жасаймын деген 45 жастағы шетелдік Алматыда үш жігітпен танысады. Олар Шымкенттегі қасапханаларда таныстарының көп екенін айтып, төрт айда "30 тонна тауар дайындап қойдық" деп, 73 миллион теңге ақша аудартқызған.
"Қазақстаннан ішек-қарын алдырып, компания ашамын деп ойлағанмын. Әлгілер күнделікті видеомен хабарласып, қойма толы қырыққабат деп аталатын ішек-қарынды көрсеткен соң сеніп, ақша аударып отырдым. Наурыз айында тауарды көзбен көрмекке келсем, еш нәрсе жоқ", - дейдікәсіпкер Ван Ир Чанг.
Шетелдіктің арызынан кейін іс қозғаған полицейлер күдіктілерді ұстап, 756 қап мұздатылған ішек қарынды тәркілеген. Күдіктілер де ақша алғанын, бірақ тауарды бермегенін мойындапты. Дегенмен көп ұзамай айғақ зат ретінде алынған деликатесті алаяқ ретінде күдікке ілінгендерге қайтарып бере салған.
"Ешқандай да мәселе жоқ, іс қысқартылады, біз затты сатып жібердік деп айтқан, мойындаған", - дейді адвокат Нұржан Үсіпханов.
Жәбірленушілер күдіктілердің дауысы жазылған аудиожазбаны Шымкенттегі полиция басшылары мен прокурорларға да тыңдатқан. Бірақ ешкім селт етпепті. Алданған кәсіпкер қорғаушыларын алып бүгін полиция департаментіне тағы барды.
Тәртіп сақшылары бұл жолы да қылмыстық іс қысқартылған деп қысқа қайырды.
"Құқықтық қатынастардың азаматтық аяда қаралуына байланысты қылмыстық істі тоқтату бойынша шешім қабылданды. Тергеудің ұшбуынды моделі аясында аталған шешім прокуратурамен келісілген", - деп жауап берді Шымкент ПД ресми өкілі Бағлан Исатаева.
Қазір кінәсін мойындаған үш жігіттің қайда екені белгісіз. Сондай-ақ ақшасы төленген тауардың да қай жаққа кеткенін ешкім білмейді. Ал Шымкенттің құқық қорғау орындарынан әділдік таппаған шетелдік енді Ішкі істер министрлігіне шағым түсірмек.