Қазақстанның елшілігі ресейліктерді Ресей күнімен құттықтады

© SputnikАрхивное фото флагов России и Казахстана
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Жазылу
Елшілік Қазақстан үшін Ресей сенімді одақтас және стратегиялық серіктес болып қала беретінін атап өтті
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ресейліктерді Ресей күнімен құттықтады.
"Бұл мереке елдің көп ғасырлық тарихын, мемлекеттілігінің қалыптасуын, бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді", - деп жазылған хабарламада.
Елшілік Қазақстан үшін Ресей сенімді одақтас және стратегиялық серіктес болып қала беретінін атап өткен.
"Отыз жыл ішінде біздің елдеріміз конструктивтілік пен өзара қолайлы нәтижелерге негізделген ынтымақтастықтың тұрақты және табысты үлгісін құрды. Біз ресейліктерге зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, өркендеу және барлық жақсылықты тілейміз!", - деп түйіндеген Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Айта кетері, бұл мерекенің тарихы 1990 жылы 12 маусымда Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы халық депутаттарының бірінші съезі Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдаған кезден басталады. Бастапқыда бұл мереке "Ресей Тәуелсіздігі күні" деп аталды. Ал 2002 жылы қазіргі атауын алды.
Жаңалықтар
0