Қазақстан литий өндірісін жолға қою үшін Кореямен ынтымақтастық орнатады

© АқордаМемлекет басшысы KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады
Мемлекет басшысы KIGAM президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы KIGAM компаниясының президенті Пёнг-Ку Лиді және SK Ecoplant вице-президенті Хансоль Пэкті қабылдады.
Кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Корея Геологиялық зерттеу және минералды ресурстар институтының (KIGAM) Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнында жүргізген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Жаңалықтар
0