https://sputnik.kz/20240612/eaeo-ga-kezikpe-saudanyn-zhana-quraldary-qazhet--eek-ministri-44913177.html
ЕАЭО-ға кезікпе сауданың жаңа құралдары қажет – ЕЭК министрі
ЕАЭО-ға кезікпе сауданың жаңа құралдары қажет – ЕЭК министрі
Sputnik Қазақстан
Идеялар бұған дейін ЕАЭО іскерлік кеңесінде және Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылды, деді ЕЭК сауда министрі 12.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-12T11:07+0500
2024-06-12T11:07+0500
2024-06-12T11:07+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:192:1024:768_1920x0_80_0_0_91bc324749cb7232445a91950c73fe40.jpg
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. ЕЭК сауда министрі Андрей Слепневтің модераторлығымен өткен семинарда Еуразиялық экономикалық комиссияда Кезікпе сауда рәсімдерін қолдану мәселесі талқыланды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.Іс-шара негізінен кезікпе сауданы (мүлікті бір уақытта басқасын сатып ала отырып сату – Sputnik) ұйымдастырудың тәжірибедегі мәселелерін талқылауға, оның ішінде негізгі сауда серіктестерімен айырбас операцияларды жүргізуге және ықтимал кедергілерді жоюға бағытталды.Оның пікірінше ЕАЭО іскерлік кеңесінде және Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылған бұл идеяны толық іске асыру қарсы операцияларды, атап айтқанда, айырбастау және клирингті операцияларды жүргізетін мамандардың тәжірибесін есепке алмай орындау мүмкін емес.Ол қазіргі уақытта сауданы жеңілдетуге байланысты сұраныс бар екенін және бұл сұраныс ЕАЭО-ның кейбір елдеріне қарсы санкцияларға байланысты емес, ең алдымен жаңа нарықтарға белсенді шығумен байланысты екенін айтты. Экспортты қолдаумен қатар, импорттық жеткізілімдерді әртараптандыру мәселелеріне ерекше мән беріледі."Осыған байланысты неғұрлым жетілдірілген инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Біз алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде қолдануға болатын құралдарды анықтау мақсатында қолданыстағы қарсы сауда тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге мүдделіміз", - деді Андрей Слепнев.Іс-шараға үшінші елдермен қарсы сауда саласындағы білімі мен тәжірибесі бар ғылыми және бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/13/18706004_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_dddf9e235892c2be0d23d4c5532f6cc7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-ға кезікпе сауданың жаңа құралдары қажет – ЕЭК министрі
Идеялар бұған дейін ЕАЭО іскерлік кеңесінде және Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылды, деді ЕЭК сауда министрі
АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. ЕЭК сауда министрі Андрей Слепневтің модераторлығымен өткен семинарда Еуразиялық экономикалық комиссияда Кезікпе сауда рәсімдерін қолдану мәселесі талқыланды, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.
Іс-шара негізінен кезікпе сауданы (мүлікті бір уақытта басқасын сатып ала отырып сату – Sputnik) ұйымдастырудың тәжірибедегі мәселелерін талқылауға, оның ішінде негізгі сауда серіктестерімен айырбас операцияларды жүргізуге және ықтимал кедергілерді жоюға бағытталды.
"ЕЭК сауда блогы Еуразиялық экономикалық одақтың экспортын қолдау бойынша бірлескен шараларды іске асыру жөніндегі жұмыс шеңберінде үшінші елдердің нарықтарына кіру және жұмыс істеу кезінде ұйымға мүше мемлекеттердің бизнесіне көмек көрсетудің жаңа құралдарын құру сұранысы мен мүмкіндіктерін зерделеуде", - деді семинарды ашқан Андрей Слепнев.
Оның пікірінше ЕАЭО іскерлік кеңесінде және Петербург халықаралық экономикалық форумында айтылған бұл идеяны толық іске асыру қарсы операцияларды, атап айтқанда, айырбастау және клирингті операцияларды жүргізетін мамандардың тәжірибесін есепке алмай орындау мүмкін емес.
Ол қазіргі уақытта сауданы жеңілдетуге байланысты сұраныс бар екенін және бұл сұраныс ЕАЭО-ның кейбір елдеріне қарсы санкцияларға байланысты емес, ең алдымен жаңа нарықтарға белсенді шығумен байланысты екенін айтты. Экспортты қолдаумен қатар, импорттық жеткізілімдерді әртараптандыру мәселелеріне ерекше мән беріледі.
"Осыған байланысты неғұрлым жетілдірілген инфрақұрылымды қалыптастыру қажет. Біз алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде қолдануға болатын құралдарды анықтау мақсатында қолданыстағы қарсы сауда тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге мүдделіміз", - деді Андрей Слепнев.
Іс-шараға үшінші елдермен қарсы сауда саласындағы білімі мен тәжірибесі бар ғылыми және бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.