Бірге тұрған ер адамнан вирус жұқтырған әйел қайтыс болды – сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Жазылу
Сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Оны мәжбүрлеп емдеу шаралары да тағайындалды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Шахтинск қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын бірге тұрған әйелге жұқтырған ер адамға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2015 жылы сотталушыға АИТВ жұқтырды деген диагноз қойылған. Сол оған емдеуден жалтарғаны және қауіпті вирусты басқа біреуге жұқтырғаны үшін қылмыстық жазаның бар екенін ескерткен. Сондай-ақ, мамандар сақтық шараларын сақтау қажеттігін айтты.
"Бірақ ол 2016-2023 жылдары аралығында ауруына қарамай, бір әйелмен бірге тұрған. Сол кезде жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған. Соның салдарынан әйел қайтыс болды", - делінген сот үкімінде.
Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, АИТВ-инфекциясы әйелдің басқа ауруларын қоздырып жіберген. Ал сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.
Шахтинск тұрғыны Қылмыстық кодекстің 118-бабы, 2-бөлігі (өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы) бойынша жауапқа тартылды. Осы қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленушінің өлімі жазаны ауырлатылған мән-жайлар деп танылады.
Сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Оны мәжбүрлеп емдеу шаралары да тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Теміртауда 10 жыл бойы адамдарға ВИЧ–ті әдейі жұқтырған ер адам сотталды
Жаңалықтар
0