https://sputnik.kz/20240612/astanada-qazaqstan-men-belarus-askeri-arkhivterinin-basshylary-kezdesti-44916283.html
Астанада Қазақстан мен Беларусь әскери архивтерінің басшылары кездесті
Астанада Қазақстан мен Беларусь әскери архивтерінің басшылары кездесті
Sputnik Қазақстан
Кездесуде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттарды алмасу жақындарынан айырылған отбасыларды, іздеу жүйелерін және әскери тарихшыларды қызықтыратыны айтылды 12.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-12T15:01+0500
2024-06-12T15:01+0500
2024-06-12T15:01+0500
беларусь
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0c/44913659_0:118:1280:838_1920x0_80_0_0_80387c4bc8d478b31f2dd44c8c034eeb.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанаға Беларусь Республикасы қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының директоры Борис Горькавий бастаған Беларусь делегациясы келді.Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының бастығы, подполковник Талғат Құлжанбеков пен оның беларусь әріптесі арасында кездесу өтті.Тараптар қазіргі жағдайда қолданыстағы құжаттардың цифрлық форматқа көшуіне байланысты мұрағат ісі саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде олардың сақталуына, жүйеленуіне және кез келген қашықтыққа жылдам жеткізу мүмкіндігіне ықпал етеді.Келіссөздерде Ұлы Отан соғысы жылдарында хабарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге көмек көрсету мәселелері қозғалды. Екі елдің өкілдері осы кезеңдегі құжаттарды алмасу жақындарынан айырылған отбасыларды, іздеу жүйелерін және әскери тарихшыларды қызықтыратынын айтты.Сапар барысында Беларусь делегациясының мүшелері Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көрмелерімен танысты, сондай-ақ елорданың көрікті нысандарын аралады.
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/0c/44913659_55:0:1188:850_1920x0_80_0_0_09575e00fd112409938df7d9a0eb9118.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
беларусь
Астанада Қазақстан мен Беларусь әскери архивтерінің басшылары кездесті
Кездесуде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттарды алмасу жақындарынан айырылған отбасыларды, іздеу жүйелерін және әскери тарихшыларды қызықтыратыны айтылды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Астанаға Беларусь Республикасы қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының директоры Борис Горькавий бастаған Беларусь делегациясы келді.
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының бастығы, подполковник Талғат Құлжанбеков пен оның беларусь әріптесі арасында кездесу өтті.
Тараптар қазіргі жағдайда қолданыстағы құжаттардың цифрлық форматқа көшуіне байланысты мұрағат ісі саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өз кезегінде олардың сақталуына, жүйеленуіне және кез келген қашықтыққа жылдам жеткізу мүмкіндігіне ықпал етеді.
Келіссөздерде Ұлы Отан соғысы жылдарында хабарсыз кеткен қазақстандықтарды іздеуге көмек көрсету мәселелері қозғалды. Екі елдің өкілдері осы кезеңдегі құжаттарды алмасу жақындарынан айырылған отбасыларды, іздеу жүйелерін және әскери тарихшыларды қызықтыратынын айтты.
Сапар барысында Беларусь делегациясының мүшелері Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көрмелерімен танысты, сондай-ақ елорданың көрікті нысандарын аралады.