Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбар ата су электр станциясын бірлесіп салады

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуПлотина
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
Қырғызстан аумағында жеке акционерлік қоғам құрылады: қатысу үлесі қырғыз тарапы 34%, қазақ тарапы 33%, өзбек тарапы 33% деңгейінде болады
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Қамбар ата су электр станциясы-1 жобасын бірлесіп жүзеге асырады. Энергетика министрлері тиісті келісімге қол қойды.
Дүйсенбі күні Венада (Аустрия) Қырғызстанның Дүниежүзілік банкпен және Австрия үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық энергетикалық инвестициялық форумы басталды.
"Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс жобасы болды", - деп жазылған Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осы жобаны жүзеге асыруға арналған арнайы сессия аясында Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қырғыз Республикасының энергетика министрі Талайбек Ибраев және Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс және пайдалану жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды.
Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құрылады:
қырғыз тарапы – 34%,
қазақ тарапы – 33%,
өзбек тарапы – 33%.
Алдын ала ережелер арасында сондай-ақ мемлекеттер тарапынан анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және т.б. бар.
Сонымен қатар Халықаралық форумға қатысу аясында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда электр энергетикасы жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға бағытталған бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, Австрия өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті, Siemens Austria компаниясының өкілдері, Gas Connect Austria және басқалармен кездесті.
Жаңалықтар
0