Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрлері Нижний Новгородта кездесті

© Photo : Пресс-служба МИД России Мұрат Нұртілеу мен Сергей Лавров
Мұрат Нұртілеу мен Сергей Лавров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
Сыртқы істер ведомстволарының басшылары БРИКС министрлер кеңесі алаңында жүздесті
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Мұрат Нұртілеу Нижний Новгородта ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті.
Қазақстандық дипломат ресейлік тараптың шақыруымен БРИКС Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысып жатыр.
"Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытуды, аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті тақырыптарын талқылады", - делінген РФ СІМ хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство Нұртілеу мен Лавров алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін салыстырып тексерді.
Жаңалықтар
0