Қазақ-өзбек шекарасында не болып жатыр

© Photo : Пресс-служба президента КыргызстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
"Қапланбек" бақылау өткізу пункті жабылды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кейбір өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдары жиналып қалғанын хабарлады.
Ұзын-сонар кезекке жол жөндеу жұмыстары себеп болған. Атап айтқанда, "Жібек жолы" өткізу пунктіне іргелес аумақтағы "Гишт Куприк" бақылау-өткізу пунктінде жол төсемі кеңейтіліп жатыр.
"Сондай-ақ қазақстандық "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" шекаралық өткелдерінде қайта жаңарту жүргізілуде, ал "Қапланбек" бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қазақстан шекарашыларының архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Жыл басынан бері мемлекеттік шекараны бұзған 7 мыңнан астам адам ұсталды – ҰҚК
Жаңалықтар
0