ЕАЭО туралы шартқа енгізілген түзетулер күшіне енді: кооперация жаңаша дамиды

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2024
Жазылу
Түзетулер Еуразиялық экономикалық комиссияға одақ елдерінің бірлескен бастамаларын қолдауға және өнеркәсіптік кооперация жобаларында олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ұйымға мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперация жобаларын іске асыру кезінде қаржылық көмек көрсетуге қатысты түзетулер күшіне енді, деп хабарлады ЕЭК.
"Бұл оқиға нақты сектордағы интеграцияны тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия алғаш рет одақтың барлық мемлекетінің әлеуетін пайдалана отырып, кооперация тізбектерін құруға бағытталған маңызды бірлескен бастамаларды қолдау бойынша өкілеттік алды.
"Жаңа механизм өнеркәсіптің технологиялық дамуына, өзара инвестицияларды арттыруға және шағын экономикалардың жаңа жоғары технологиялық өндірістерді енгізіп, дамытуына ықпал етеді", - деп атап өтті ол.
Министр одақ елдеріне бұл бастаманы ілгерілетуге атсалысқаны үшін алғыс айтып, оның сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.
Жаңалықтар
0