https://sputnik.kz/20240610/turkiya-qazaqstandyq-onimderge-qatysty-19-zhyl-buryn-engizilgen-shekteudi-alyp-tastady-44877666.html
Түркия қазақстандық өнімдерге қатысты 19 жыл бұрын енгізілген шектеуді алып тастады
Түркия қазақстандық өнімдерге қатысты 19 жыл бұрын енгізілген шектеуді алып тастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Түркия Республикасы Қазақстаннан мал мен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T16:58+0500
2024-06-10T16:58+0500
2024-06-10T16:58+0500
құс
түркия
https://sputnik.kz/img/615/57/6155738_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_a7df985017c19d4e220010d62b83d6fb.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Түркия Республикасы Қазақстаннан мал мен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.Түркия 2005 жылдан бері құс тұмауы, ал 2016 және 2022 жылдан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер енгізген болатын.Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин мен Түркия ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюмен келіссөз өткізді. Соның нәтижесінде барлық шектеу алынып тасталды.Тамыз айында ветеринариялық талаптарды үйлестіру мәселелері де талқыланады. Ол үшін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркия Республикасына барады.Айта кетері, бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қой мен ешкі шешегі бойынша шектеулер әлі де бар.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/615/57/6155738_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_f39f0cec19ec5a79b711cb178693a471.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құс, түркия
Түркия қазақстандық өнімдерге қатысты 19 жыл бұрын енгізілген шектеуді алып тастады
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Түркия Республикасы Қазақстаннан мал мен құс өнімдерін әкелуге қойылған шектеуді алып тастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Түркия 2005 жылдан бері құс тұмауы, ал 2016 және 2022 жылдан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер енгізген болатын.
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының 91-ші сессиясы аясында Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин мен Түркия ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Гюмен келіссөз өткізді. Соның нәтижесінде барлық шектеу алынып тасталды.
"Түрік тарапы Қазақстан ұсынған есептерді талдап, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) жолдады. Қазақстанның осы аурулармен күресу және оларды жою бойынша шараларға жоғары баға берілді. Бұл шешім екі ел арасындағы сауда қатынастарын нығайту жолында маңызды қадам болмақ", - дейді министрлік қызметкерлері.
Тамыз айында ветеринариялық талаптарды үйлестіру мәселелері де талқыланады. Ол үшін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркия Республикасына барады.
Айта кетері, бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қой мен ешкі шешегі бойынша шектеулер әлі де бар.