"Тарихи нәтиже": Париж Олимпиадасына баратын мергендер анықталды

© Photo : Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Ирина Юнусметова Париж олимпиадасы лицензиясын жеңіп алды
Ирина Юнусметова Париж олимпиадасы лицензиясын жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2024
Жазылу
Париж Олимпиадасына нысана көздеуден Қазақстанның намысын алғаш рет 6 мерген қорғайды. Жалпы спорттық ату федерациясында 9 лицензия бар
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Қазақстаннан Париж Олимпиадасына алғаш рет 6 мерген барады. Бұдан бөлек, стендтік атудан тағы үш спортшымыз медаль үшін таласады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) спортшылардың рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына ие болды. Қазақстандық мерген 10 метрден тапаншамен нысана көздеу жарыстарына қатысады.
"Біз бұл жолдаманы алатынымызды білдік. Ирина осы жаттығуда тұрақты нәтиже көрсетті. Әлем Кубогының барлық кезеңіне қатысты. Бірнеше рет финалға шықты. Тағы бірнеше мәрте ақтық сынға бір табан жақын болды. Оның негізгі қарсыласы аустриялық мергенге қайта үлестіру кезінде лицензия кіші колибрлі тапаншамен оқ атудан берілді. Ал Ирина пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден алды",-дейді құраманың бас бапкері Ольга Довгун.
Осылайша, алдағы Париж Олимпиадасына нысана көздеуден Қазақстанның намысын алғаш рет 6 мерген қорғайды. Жалпы спорттық ату федерациясында 9 лицензия бар.
Нысана көздеу:
Ислам Сәтбаев;
Константин Малиновский;
Александра Ле;
Арина Алтухова;
Никита Чирюкин;
Ирина Юнусметова.
Стенд ату:
Әсем Орынбай;
Эдуард Ещенко;
Мария Дмитриенко.
Жаңалықтар
0