https://sputnik.kz/20240610/shegirtkemen-kures-800-myn-gektardan-astam-aumaq-ondeldi-44881456.html
Шегірткемен күрес: 800 мың гектардан астам аумақ өңделді
Шегірткемен күрес: 800 мың гектардан астам аумақ өңделді
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысында 50 мың гектардан астам аумақта шегірткенің жаңа таралу аймақтары анықталды 10.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-10T19:41+0500
2024-06-10T19:41+0500
2024-06-10T19:41+0500
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:781:1520:1636_1920x0_80_0_0_61bd12ff8abb10419a06aa5afd0b0cc9.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы өңдеуді жоспарлаған 2,5 миллион гектардың 800 мың гектардан астамында жұмыстар аяқталды.Өңдеу шаралары зиянкестер дамуының белгілі бір кезеңінде тиімді болғандықтан, жәндіктерді жою үшін шегіртке дернәсілдері толығымен шыққанша күту керек, бұл әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақытта кездеседі.Қосымша өңдеу жұмыстары Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарында жүргізілуде.73 бірлік жерүсті техникасы, 4 ұшақ тартылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті техника көкөніс-бақша дақылдарын егуге шоғырланған. Бүгінгі таңда егістіктің зақымдануына жол берілмеген.Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша өңірге қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен АӨК МИК төрағасы Дархан Әбдікәрімов жіберілді.Торғай ауданындағы шегіртке ошағы жоспарға сәйкес өңделіп, жәндіктер жойылды.Ақтөбе облысында Әйтеке би өңірінде шегірткелердің көбеюі басталды. Өңдеу жабдықтары дайын. Облыстың 12 ауданында 74 бірлік техника қолданылып, 315 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шегірткелердің көбею аймағын зерттеуге және анықтауға 600-ге жуық адам тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:763:1520:1903_1920x0_80_0_0_eba6c0b1705e98332b6aa1492ab4ca0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Шегірткемен күрес: 800 мың гектардан астам аумақ өңделді
Түркістан облысында 50 мың гектардан астам аумақта шегірткенің жаңа таралу аймақтары анықталды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы өңдеуді жоспарлаған 2,5 миллион гектардың 800 мың гектардан астамында жұмыстар аяқталды.
Өңдеу шаралары зиянкестер дамуының белгілі бір кезеңінде тиімді болғандықтан, жәндіктерді жою үшін шегіртке дернәсілдері толығымен шыққанша күту керек, бұл әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақытта кездеседі.
"Түркістан облысында 270 мың гектар алқапта өңдеу жүргізілген, одан басқа 50 мың гектардан астам аумақта шегірткенің жаңа таралу аймақтары анықталды", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Қосымша өңдеу жұмыстары Арыс қаласында, Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарында жүргізілуде.
73 бірлік жерүсті техникасы, 4 ұшақ тартылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті техника көкөніс-бақша дақылдарын егуге шоғырланған. Бүгінгі таңда егістіктің зақымдануына жол берілмеген.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасы бойынша өңірге қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мен АӨК МИК төрағасы Дархан Әбдікәрімов жіберілді.
"Қостанай облысының бес ауданында 51 мың гектардан астам алаңда химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің көбею орнын зерттеу және анықтау үшін 130 зерттеуші және 326 уақытша қызметкер тартылды. 72 бірлік техника дайын", - дейді мамандар.
Торғай ауданындағы шегіртке ошағы жоспарға сәйкес өңделіп, жәндіктер жойылды.
Ақтөбе облысында Әйтеке би өңірінде шегірткелердің көбеюі басталды. Өңдеу жабдықтары дайын. Облыстың 12 ауданында 74 бірлік техника қолданылып, 315 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шегірткелердің көбею аймағын зерттеуге және анықтауға 600-ге жуық адам тартылды.